11Ве нейтрондық гало ядросын зерттеу
Ключевые слова:
ядролық гало, кулондық күйреу, экзотикалық ядролық күйлер, энергетикалық спектр, Шредингер стационар теңдеуіАннотация
Қазіргі таңда экзотикалық ядролар интенсивті тәжірибелік зерттелуде. Гало ядролардың кулондық күйреуін теориялық зерттеу, жеңіл ядролардың радиоактивті шоғырлармен өткізілетін тәжірибелік зерттеулерді жоспарлауға және оларды түсіндіруге маңызды. Радиоактивті шоғырлармен өткізілетін зерттеулер атом ядросының құрылымын талдауды жаңа ақпараттармен толықтыра, физиканың басқа саласындада кең қолданыс тапты, мысалға ядролық астрофизикада.
Заманауи азнуклонды ядролық физика саласындада, гало ядроларды зерттеу өзекті мәселе болып табылады. Осындай ядролар орбиталарының радиустары, басқа нуклондармен ядролық әрекеттесу диапазонынан әлдеқайда үлкен болуы мүмкін. Гало ядросы физикасының өзінділік ерекшелігі, оның ядролық реакциялар мен ядро құрылымы механизмімен тығыз байланысында.
Күйреу гало ядролардың қасиеттерін зерттеуде ең маңызды құралдардың бірі болып табылады. Осындай реакцияларда үдетілген бөлшектердің ұсақ құрамдарға бөлініп ыдырауынан алынатын ақпарат, толқындық функцияның гало бөлігінің қасиеттері жайлы білуге мүмкіндік береді. Гало ядролардың күйреуін кулондық өріс өзгеруімен, байланысқан екі (үш) бөлшектің континуумға өтуі ретінде қарастыруға болады.
Бұл жұмыс ядролардың кулондық күйреуін кванттық тәсілмен теориялық зерттеуге арналған. 11Be гало ядросының энергетикалық деңгейлеріне сыртқы магнит өрісінің әсері зерттелді. Ядролық әсерлесу ретінде Вудс-Саксон және Гаусс түріндегі потенциалдарды қолдана отырып, энергетикалық деңгейлердің жіктелуі сандық және аналитикалық әдістермен есептелді. 11Be ядросы, нейтрондық гало ретінде 10Be қабықшасынан және бір нейтроннан тұрады. Сондай-ақ 11Be ядросының негізгі күйіндегі орташа квадраттық зарядтық радиусы сандық түрде есептелді.
Библиографические ссылки
2. Tanihata et al., Phys. Rev. Lett. 55, 2676 (1985).
3. T.L. Belyaeva et al., Phys. Rev. C 90,064610 (2014).
4. A.I. Baz, Advances in Physics, 8, 349 (1959).
5. A.S. Demyanova et al., EPJ Web of Conferences, 117, 0401 (2016).
6. A.A. Ogloblin et al., Phys. Rev. C 84, 054601 (2011).
7. A.A. Ogloblin et al., Phys. of Atom. Nucl. 74 (11), 1548 (2011).
8. T. Kawabata et al., Inter. Jour. M. Phys. E 17, 2071 (2008).
9. A.S. Demyanova et.al., EPJ Web of Conferences 66, 02027 (2014).
10. A.N. Danilov et.al., Phys. Rev. C 80, 054603 (2009).
11. S. Ohkubo and Y. Nirabayashi, Phys. Rev. C 70, 041602(R) (2004).
12. A.S. Demyanova et.al., Inter. Jour. M. Phys. E 17, 2118 (2008).
13. Z.H. Liu et. al., Phys. Rev. C 64, 034312 (2001).
14. V.S. Melezhik, D. Baye, Phys. Rev. C 59, 3232 (1999).
15. L.D. Landau, E.M. Lifshitz Quantum Mechanics: Non-Relativistic Theory. Vol. 3 (3rd ed.) (Pergamon Press, 1977).
16. P.Capel, D.Baye, V.S. Melezhik, Phys. Rev. C 68, 014612 (2003).
17. N.N. Kalitkin, Numerical Methods (M. Nauka, 1978).
18. B.I. Schneider et al., Quantum Dynamic Imaging. 149, (2011).
19. V.K. Voronov, Sorosovskii Educational Journal, 10, 70 (1996).
20. V.V. Balashev, V.K. Dolinov. The course of quantum mechanics: Regular and chaotic dynamics (Izhevsk, 2001).
21. Saikat Nandi, Am. J. Phys. 78 (12), 1341 (2010).
22. Angeli, K.P. Marinova, Atomic Data and Nuclear Data Tables, 99, 69 (2013).
23. Z.T. Lu, P. Mueller, G.W. F. Drake. Rev.of Mod. Phys, 85, 1383 (2013)