Химическая модель трехкомпонентной пылевой плазмы

Авторлар

  • A.E. Davletov Казахский национальный университет имени аль-Фараби, НИИЭТФ, Казахстан, г. Алматы
  • F. Kurbanov Казахский национальный университет имени аль-Фараби, НИИЭТФ, Казахстан, г. Алматы
  • Ye.S. Mukhametkarimov Казахский национальный университет имени аль-Фараби, НИИЭТФ, Казахстан, г. Алматы

Кілт сөздер:

dusty plasma, self-consistent chemical model, free energy

Аңдатпа

Электрондар, протондар және тозаң бөлшектерінен тұратын үш компонентті плазманың химиялық моделі дамытылуда. Протондардың концентрациясы белгіленген, ал электрондардың тозаң бөлшектерімен жұтылуы электрондардың шығу жұмысымен анықталатын байланысқан күй ретінде қарастырылады. Идеал және идеал емес құраушылардан тұратын жүйенің бос энергиясының өрнегі алынды. Бөлшектердің әсерлесуінің әсері, жұптық әсерлесу жуықтауында тепе-теңді таралу функциясы үшін Боголюбов теңдеулер жүйелерінен шыққан жалпыланған Больцман - Пуассон интегро-дифференциалдық теңдеулері көмегімен ескерілді. Бұл теңдеу фурье-кеңістігіне көшіп, дельта функциясының қасиеттерін пайдаланса оңай шешіліп, алгебралық теңдеулер жүйесіне ауысады. Сандық есептеулер жүргізу үшін плазмалық орта жоқ кездегі электрондар мен протондардың арасындағы әсерлесу ретінде Кулон потенциалы, және тозаң бөлшектерінің әсерлесуінде шектік өлшемді ескеретін ұқсас потенциал таңдалынды. Сандық есептеу үш компонентті тозаңды плазманың бос энергиясы бір параметрдің функциясы мен минимумы бар екенін және буферлік плазмадағы тозаң бөлшектерінің электр зарядтарын
анықтау үшін пайдаланылуы мүмкін болтынын көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-09-28

Журналдың саны

Бөлім

Plasma Physics

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары