Инертті газбен этанол қоспасының конденсаттарының жұқа үлдірлерінің тербелмелі спектроскопиясы

Авторлар

  • A.U. Aldiyarov Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0002-5091-7699
  • D.Y. Sokolov Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0001-7966-1140
  • A.Z. Tychengulova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0002-1849-1560
  • D. Yerezhep Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0002-2232-2911

DOI:

10.26577/RCPh.2021.v78.i3.03

Кілт сөздер:

спектроскопия, тонкие пленки, криоконденсаты, этанол, смеси

Аңдатпа

Кез келген заттың инертті ортада концентрациясын өзгерте отырып, газ фазадан суық төсемеге конденсациялау арқылы олардың әр түрлі өлшемдегі кластерлерін түзуге болатындығы белгілі болып табылады. Дәстүрлі түрде мұндай жүйелерге молекулалық криокристалдар жататыны белгілі. Бұл зерттеу жұмыста азоттағы этанолдың криовакуумды конденсатын ИҚ - спектрометриялық зерттеу нәтижелері алынды және мақалада келтірілді. Зерттеудің негізгі міндеті – бұл этанолдың криовакуумды конденсаттарының азотпен бірге конденсациялану процесінде олардың жұқа үлдірлерінің күрделі және  көбінесе бірмәнді емес әрекеттерін түсіндіру. Осы мақсатта әр түрлі концентрациялық қатынастағы «азоттағы этанол» қоспасының криотұндырылған жұқа үлдірлерін ИҚ - спектрометриялық зерттеу жүргізілген. Зерттеу нысандары инертті газбен (N2) этанол қоспасының криоконденсаттарының жұқа үлдірлері болып табылады. Конденсация температурасы = 16 K. Криоконденсация кезінде қоспаның газ фазасының қысымы = 10-5 Торр. Қоспалардағы этанол концентрациясының диапазоны 3 % бастап 90 % дейін жетеді. Спектрлік ИҚ өлшеу диапазоны 400 – 4200 1/см құрады. Қоспадағы этанол концентрациясының өзгерісі инертті ортада еріген этанол молекуласының әр түрлі кластерлік құрамының түзілуіне алып келеді деп болжанады.

Жүктеулер

Жарияланды

2021-08-26

Журналдың саны

Бөлім

Condensed Matter Physics and Materials Science Problems. NanoScience

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 > >>