ҚАБЫРШЫҚТЫ МОДЕЛЬДЕ АДРОНДАРДЫҢ 15С ЯДРОСЫНАН СЕРПІМДІ ШАШЫРАУЫНЫҢ АМПЛИТУДАСЫ
Аңдатпа
Бұл жұмыста Глаубердің дифракциялық теориясының ауқымында орнықсыз нейтроны артық 15С ядросынан протондардың шашырауының амплитудасын есептеу жолдары келтірілген. Есептеу кезінде берілген импульсімен салыстырғанда «мардымсыз» ядролық импульстарды ескермеу және гармониялық осциллятор базисындағы қабыршықты толқындық функцияны пайдалану динамикалық интегралдарды аналитикалық жолмен есептеуге мүмкіндік берді. Бұл есептеулер дәлдігін арттырады.
