«ПОЛИМЕР – ЖОҒАРЫ ТЕМПЕРАТУРАЛЫ АСҚЫН ӨТКІЗГІШ» ЖҮЙЕСІНІҢ ОПТИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНЕ ТӨМЕНГІ ТЕМПЕРАТУРАНЫҢ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • A.I. Kupchishin Әл-Фараби атындағы КазҰУ
  • А.D. Muradov Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы
  • B.G. Taipova Казахский национальный педагогический университет имени Абая, г.Алматы, Казахстан
  • G.B. Sarsembaev Жетысуский Государственный университет имени И.Жансугурова, г.Талдыкорган

Аңдатпа

Полиимидтік қабыршақ пен оның ҮBa2Cu3O6+x (х=0,7) жоғары темпаратуралы асқын өткізгіш (ЖТАӨ) ұнтағының негізінде даярланған концентрациялары, 0,05%; 0,1%; 0,5% полимерлік композицияларға (ПК) төменгі температураның тигізетін әсері зерттелді. Оптикалық қасиеттерді зерттеу жұмыстары СФ-2000 спектрофотометрінде, 190-1100 нм спектрлік диапазонда жүргізілді. Сұйық азотпен суыту нәтижесінде полиимидтік қабыршақтың сәуле өткізу коэффициентінің 3-6%-ке төмендеп, оптикалық тығыздығының мәнінің өзгеріссіз қалуы, үлгі құрылымындағы еркін иондар шоғырының  азяюымен түсіндіріледі. ЖТАӨ қоспа негізінде даярланған ПК  0,05%, 0,1%  үлгілері үшін сәуле өткізу коэфициентінің мәні суытудан кейін өзгермей сақталып, ал 0,5%  үлгісінде сәуле өткізу коэффициентінің мәні 15 %-ке дейін артады. Бұл үлгілерде қайта құрылымдану  процестерінің өтетіндігін көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2008-11-04

Журналдың саны

Бөлім

Condensed Matter Physics and Materials Science Problems. NanoScience

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары