Жас жұлдыздар спектрлеріндегі энергия таралуын бақылау және моделдеу

Авторлар

  • A.B. Manapbayeva Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы
  • A.K. Kuratova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы
  • K.S. Kuratov Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы
  • N.Sh. Alimgazinova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы
  • T. Komesh Шыңжаң Астрономиялық Обсерваториясы, Шыңжаң қ., ҚХР
  • A.M. Demesinova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы
  • A.Zh. Naurzbaeva Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы
  • M.T. Kyzgarina Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы

##doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.26577/rcph-2019-i2-3

Кілт сөздер:

photometry, spectrum, Herbig Ae / Be stars, energy

Аңдатпа

Жас жұлдыздарды зерттеу астрофизикада басты бағыттардың бірі болып табылады. Бұл, ең алдымен, алынған зерттеулер жұлдыздың өзі туралы, жұлдыздар мен планеталардың эволюциясы, қалыптасу процесі туралы білуге мүмкіндік беретініне байланысты. Мұндай зерттеулер түрлі елдердің астрономдарымен жүргізілген, дегенмен кейбір мәселелер, атап айтқанда, тұрақсыз жас жұлдыздардың физикалық сипаттамалары және олардың эволюцияларының белгілі бір бөліктері әлі де түсініксіз болып қалуда.

Жұмыста Ae/Be Хербиг жас жұлдыздарының спектрлік және фотометрлік бақылаулары көрсетілген болатын. Әдебиеттерден алынған және қол жетімді фотометрлік мәліметтерге, сондай-ақ моделдеу нәтижелеріне сүйене отырып, спектрлердегі энергиялардың таралуы зерттелді. Осындай объектілерді талдау алгоритмін жасау Ae/Be Хербиг объектілеріне СЭТ-ын талдау мүмкіндігін ұсынып отыр. IRAS 22150+6109 жұлдызын зерттеу нәтижесінде жұлдыз спектріндегі эмиссионды ерекшеліктер анықталды, оның пропланеталы дискісінің геометриялық сипаттамалары анықталды. Бұл зерттеулерде арнайы каталогтардың нәтижелері мен Ассы-Түрген обсерваториясындағы және В.Г.Фесенков атындағы астрофизикалық институттың (АФИ) Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясында алынған фотометриялық нәтижелер қолданылған болатын.

Зерттеу объектісі Ae/Be Хербиг жас жұлдыздары болып табылады.

Зерттеу нәтижелері астрономияда, космологияда, теориялық физикада және есептеуіш астрофизикада қолданылуы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-06-24

Журналдың саны

Бөлім

Theoretical Physics. Nuclear and Elementary Particle Physics. Astrophysics

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 > >>