Влияние кислотности пленкообразующих растворов на структуру и свойства тонких пленок SnO2
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/RCPh.2020.v72.i1.10Кілт сөздер:
жұқа қабықшалар (пленкалар), қалайы диоксиды SnO2, золь-гель әдісі, қышқылдық, бет құрылымы, өткізу спектрлеріАңдатпа
Осы зерттеу жұмысында золь-гель әдісімен алынған SnO2 жұқа қабықшаларының құрылымы және оптикалық қасиеттеріне сол қабықшаларды түзетін ерітінділердің қышқылдылығының әсері қарастырылған. Зерттеу үшін 0,12 моль/л қалайы иондарының концентрациясы бар ерітінділер сериясы дайындалған. Аммиактың концентрацияланған су ерітіндісінің әр түрлі мөлшерін қосумен аммиактың су ерітіндісі SnCl4/C2H5OH жүйесінде pH деңгейін реттеу үшін қолданылды. Ерітінділер шыны үстіне батыру әдісімен құйылады. Қабықша шынының бір жағына ғана жағылады. Үлгілер ауада 30 минут шамасында кептіріліп, содан кейін 15 минут 400оС муфельді пеште ұсталынады. Үлгілердің құрылымын МПЭ-11 оптикалық микроскоптың көмегімен зерттеді. Спектрлік өткізу қабілеттілігін арнайы қоссәулелі спектрофотометрмен СФ-256 УВИ өлшеген (толқын ұзындықтары диапазоны 190-1200 нм.). Эксперимент барысында алынған қабықшаларының бетіндегі құрылымдардың түзілуінің бастапқы ерітінділердің қышқылдылығынан тікелей тәуелділігі анықталды. PH деңгейі ұлғайған кезде беттік құрылымдардың өсуі және олардың пішінінің өзгеруі байқалады. Алынған нәтижелер SnO2 жұқа қабықшаларының құрылымын басқару тәсілдерін әзірлеу саласындағы іргелі білімді кеңейтеді, бұл жақсартылған функционалдық қасиеттері бар материалдарды жасау кезінде маңызды элемент болып табылады.
