Aquila молекулалық бұлтының W40 және Serpens South жұлдызтүзілу аймақтарындағы H2CO және H110α радиоастрономиялық бақылауларының интерпретациясы

Авторлар

  • Т. Komesh Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы; Синьцзянская астрономическая обсерватория Академии наук Китая, Урумчи, 830011; Университет академии наук Китая, Пекин, 100080, КНР http://orcid.org/0000-0002-3415-4636
  • A.B. Manapbayeva Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0002-0322-1509
  • J. Esimbek Синьцзянская астрономическая обсерватория Академии наук Китая, Урумчи, 830011, КНР http://orcid.org/0000-0001-5049-9338
  • N.Sh. Alimgazinova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0002-4596-1855
  • M.T. Kyzgarina Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0002-4103-7657
  • B. Kuanbek Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы http://orcid.org/0000-0001-6995-779X

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/RCPh.2020.v74.i3.03

Кілт сөздер:

молекулалық бұлттар, спектр, жұлдызтүзілу

Аңдатпа

Бұл зерттеуде Aquila молекулалық бұлты бағытындағы формальдегид молекуласының (H2CO) жұтылу спектрлік сызықтарын және H110α рекомбинация сызығын радио астрономиялық бақылау нәтижелері  ұсынылды.

Мақалада Қытай ғылым академиясының Шыңжаң  астрономиялық обсерваториясының 26-метрлік  Nanshan радиотескопында телескопында алынған Aquila Rift молекулалық кешенінің W40 және Serpens South H2CO (l10-l11) және H110α астрономиялық бақылаулары түсіндірілді. Радио карталарды салу үшін біз Aquila Rift аймағы үшін 6 см континуум және 12СО(2−1) және 13CO(2−1)  молекулаларды бақылау арқылы алынған мұрағаттық деректерді де пайдаландық.

Алынған бақылаушылық мәліметтер негізінде H2CO жұтылу сызығы мен 13CO (J=1-0) сәуле шығару сызығының оптикалық тереңдігі мен бағанның тығыздығы есептелінді, Aquila молекулалық бұлты бағытындағы H2CO жұтылу сызығы мен H110α рекомбинация сызығына сәйкес келетін контурлар салынған және H II иондалған сутегі аймағы бар интенсивтіліктің қарқындылық картасы құрылды; 13CO (1−0) сәуле шығару қарқындылығының, 6 см радио континуумның таралуы, H2CO жұтылудың интеграцияланған контурлары салынған инфрақызыл сәулеленулер карталары жасалынды; сызықтық ағындар мен шың бағандары тығыздығының тәуелділігі H2CO мен 13CO  үшін тұрғызылды. Жұмыста H2CO формальдегидтің жұтылуы кезінде контурлармен ерекшеленген Serpens South  аймағы ғарыштық микротолқынды фоннан шығатыны көрсетілді. H2CO жұтылу сызығы мен 13CO сәуле шығару сызығының параметрлік мәндерінің арасында корреляция табылды. Интенсивтіліктің интеграцияланған карталары Aquila молекулалық бұлты бағытында H2CO жұтылу сызығының канал жылдамдығының әртүрлі мәндері үшін құрылды. H2CO мен 13CO  жылдамдықтары бір-біріне жақын мәндерге ие екендігі анықталды.

Жүргізілген зерттеуді талдау H2CO формальдегид молекуласының жұтылу сызықтары және 13CO шығарылу сызықтары  Aquila молекулалық бұлтының Aquila Rift кешеніндегі бірдей аймақтардан пайда болады деген қорытындыға әкелді.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-09-11

Журналдың саны

Бөлім

Theoretical Physics. Nuclear and Elementary Particle Physics. Astrophysics

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 > >>