Арнайы жасалған төмен температуралы микрокриогендік өлшеу ұяшығын қолдана отырып импеданс спектроскопия әдісі арқылы күн элементтерінің электрофизикалық зерттеу

Авторлар

  • K.P. Aimaganbetov Satbayev University, Физика-техникалық институты, Алматы қ., Қазақстан http://orcid.org/0000-0001-6367-9135
  • S.K. Shegebay Satbayev University, Физика-техникалық институты, Алматы қ., Қазақстан
  • A.U. Aldiyarov Satbayev University, Физика-техникалық институты, Алматы қ., Қазақстан
  • S.R. Zhantuarov Satbayev University, Физика-техникалық институты, Алматы қ., Қазақстан http://orcid.org/0000-0002-2467-0178
  • N.S. Tokmoldin Satbayev University, Физика-техникалық институты, Алматы қ., Қазақстан; Потсдам университеті, Потсдам қ., Германия http://orcid.org/0000-0002-0663-0228

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/RCPh.2021.v76.i1.08

Кілт сөздер:

фотовольтаика, жартылай өткізгіштер, Күн батареялары, импеданс спектроскопиясы, төмен температуралы өлшеу, Найквист қисықтары

Аңдатпа

Мақалада гетероөткелді кремнилі және перовскитті Күн батареяларының екі типіне арналған зерттеулер ұсынылған. Зерттеулер импеданстық спектроскопия әдісімен 100 Гц - тен 5 МГц - ке дейінгі жиілікте 128 - ден 299 К - ге дейінгі температура диапазонында жүргізілді. Бұл температура диапазонында өлшеулер арнайы жасалған микрокриогендік ұяшықтың көмегімен жүргізілді. Бұл жұмыста микрокриогендік ұяшықтың негізгі құрылымы толық сипатталған. Арнайы ұяшық 16 К-дан бөлме температурасына дейінгі аралықта жұмыс істей алады және универсалды үш электрлік контактісімен жабдықталған, бұл жалпақ қабыршақты үлгілерді және көлемдік үлгілердің электрофизикалық қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік береді. Жүргізілген зерттеулер барысында қараңғы ортада активті және реактивті кедергілері, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген әр түрлі температурадағы Найквист қисықтары туралы мәліметтер алынды. Алынған нәтижелерде температуралық фактор Күн батареяларының электрофизикалық сипаттамаларын өлшеуге тікелей әсерін көрсетеді және олардың зерттеулері қазіргі кезде өзекті болып табылады.

Осылайша, әр түрлі төмен температуралы зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік беретін және өзіндік ерекше құрастыруы мен жобаланған өлшеу құрылғысын қолдана отырып, жаңартылмалы энергияда перспективалы үлгілердің электрофизикалық қасиеттері зерттелді.

Түйін сөздер: фотовольтаика, жартылай өткізгіштер, Күн батареялары, импеданс спектроскопиясы, төмен температуралы өлшеу, Найквист қисықтары

Жүктеулер

Жарияланды

2021-04-16

Журналдың саны

Бөлім

Condensed Matter Physics and Materials Science Problems. NanoScience

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары

1 2 > >>