Тығыз кулондық жүйелердің статикалық сипаттамаларын есептеу әдістерін талдау
Кілт сөздер:
бір компонентті плазма, кулондық жүйе, гипертізбекті жуықтау әдісі, Орнштейн-Церниктің интегралдық теңдеуі, Коши-Шварц теңсіздігі.Аңдатпа
Осы мақалада статикалық сипаттамаларды есептеу барысында әртүрлі әдістердің (HNC, MHNC, VMHNC, Перкус- Йевик және аналитикалық модельдер) талдауы жүргізілді.
Әртүрлі заманауи әдістер арқылы (HNC, MHNC, VMHNC, Перкус- Йевик және аналитикалық модельдер) кең ауқымда байланыс параметрімен бір компонентті плазманың құрылымдық сипаттамалары алынды. Барлық осы әдістер фундаменталды математикалық Коши-Шварц теңсіздігін орындау үшін талданды.Нәтижесінде көпірді түзету функциясының эмперикалық формуласы бар HNC әдістері және фитингтік формулалар негізіндегі құрылымдық факторларды алу тәсілдерінің бірі Коши –Шварц теңсіздігін қанағаттандырмайды. Жоғарыда аталған құрылымдық сипаттамаларды есептеудің басқа әдістері жоғарыда көрсетілген теңсіздікті қамтамасыз етеді. Талдау жұмысын жүргізу үшін Коши-Шварц теңсіздігін сипаттайтын функционалдық тәуелділік алынды. Бұл тәуелділік әдістер аумағында анықталатын жиіліктерді қамтиды. Теңсіздікті қанағаттандыру үшін бұл қатынас қатаң түрде оң болуы керек. Статикалық-құрылымдық сипаттамаларды алатын әрбір қарастырылған әдістер үшін бұл тәуелділік құрылды және талданды. Нәтижесінде бірқатар әдістер Коши-Шварц теңсіздігін қанағаттандырмайтынғы анықталды.
