Азот криоматрицасындағы этанол нанокластерлерінің ИҚ-спектрлері

Авторы

  • A. Aldiyarov Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi Алматы қ., Қазақстан
  • U. Zhexen Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi Алматы қ., Қазақстан
  • A. Nurmukan Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi Алматы қ., Қазақстан
  • Z. Oman Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi Алматы қ., Қазақстан
  • A. Torebai Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi Алматы қ., Қазақстан

DOI:

10.26577/rcph-2019-i2-14

Ключевые слова:

реконденсация, полиагрегаттар, мономерлер, димерлер

Аннотация

Берілген жұмыста криоматрицалық оқшаулау әдісін қолдана отырып, газды фазадағы азот және этанолды метал төсетекке (подложка) бірге конденсациялау кезінде пайда болатын этанол кластерлерінің құрылу процесстерін және қасиеттерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Өлшемдер камерадағы бастапқы қысымы 10-8 Торр, ал температурасы 16-40 К аралығында жүргізілді. Азот матрицасындағы этанолдың концентрациясы 0,5%-дан 3%-ға дейінгі аралықта болды. Азот матрицасындағы этанол молекулаларының күйлері жайлы ақпарат өзара байланыссыз күйіндегі этанол молекулаларының тербелісіне сәйкес келетін жұту жолақтарының амплитудаларының өзгерісін талдау арқылы алынды. Сондай-ақ қарастырылып отырған үлгідегі анти-конформды күйдегі этанол мономерлерінің немесе димерлерінің бар болу белгілеріне байланысты n=1259 см-1 жиіліктегі деформациялық d(OH)-жұтылу жолағы өлшенді. Азот және этанол қоспаларын конденсациялау процесі кезінде азот матрицасындағы этанол молекулаларының полиагрегаттарының пайда болу барысына олардың шағылу спектрлерін талдай отырып қорытынды жасалынды.

Опубликован

25.06.2019

Выпуск

Раздел

Физика конденсированного состояния и проблемы материаловедения. Нанонаука

Как цитировать

Азот криоматрицасындағы этанол нанокластерлерінің ИҚ-спектрлері. (2019). Recent Contributions to Physics, 2019(2), 104-113. https://doi.org/10.26577/rcph-2019-i2-14

Наиболее читаемые статьи этого автора (авторов)

1 2 > >>