Ақ ергежейлі жұлдыздардың негізгі параметрлерін анықтауда Wolfram Mathematica бағдарламасын қолдану
Ключевые слова:
Wolfram Mathematica, ақ ергежейлі жұлдыздар, айныған электрондық газ күй теңдеуі, гидростатикалық тепе-теңдік теңдеуі, массаның баланс теңдеуіАннотация
Жұмыста ақ ергежейлі жұлдыздардың негізгі параметрлерін теориялық тұрғыда есептеуде Wolfram Mathematica бағдарламасын қолдану әдістемесі қарастырылған. Статикалық суық (температурасы нөлге тең) ақ ергежейлі жұлдыздардың негізгі параметрлері масса, радиус және тығыздық классикалық физика аясында есептелді. Бұл параметрлерді анықтау үшін Ньютондық гидростатикалық тепе-теңдік теңдеуі, массаның баланс және айныған электрондық газдың күй теңдеулерінен құралған жүйе шешілді. Теңдеулердің аналитикалық шешімдері жоқ болғандықтан, сандық шешімдері, Wolfram Mathematica жүйесінде арнайы бағдарлама жазылып, алынды. Алынған сандық шешімдер арқылы ақ ергежейлі жұлдыздың негізгі параметрлері анықталып, масса-радиус, масса-орталық тығыздық, радиус-орталық тығыздық қатынастары тұрғызылды. Есептеулердің барлығы үлгі ретінде егжей-тегжейлі әдістемелік нұсқаулықтармен көрсетілді. Жұмыс жоғарғы оқу орындарындағы физика, физика және астрономия мамандықтарының студенттері, магистранттары, докторанттары мен жас мамандарға арналған.
