Аксиалды-симметриялы гравитациялық өрістің экваторлық жазықтығында сынақ дененің қозғалысын адиабаттық теория арқылы зерттеу

Авторы

  • K.A. Boshkayev ЭТФҒЗИ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан
  • Zh.А. Kalymova ЭТФҒЗИ, Әл Фараби ат.Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • N.S. Abdualiyeva ЭТФҒЗИ, Әл Фараби ат.Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • Zh.N. Brisheva ЭТФҒЗИ, Әл Фараби ат.Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • А.S. Taukenova ЭТФҒЗИ, Әл Фараби ат.Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Ключевые слова:

Векторлық элементтер, Шварцшильд метрикасы, квадрупольдік момент, қозғалыс теңдеулері, Лагранж формализмі, Гамильтон формализмі, адиабаттық теория

Аннотация

Бұл жұмыста сфералық-симметриялы орталық дененің гравитациялық өрісіндегі сынақ дененің қозғалысы орбитаның векторлық элементтері көмегімен жалпы салыстырмалық теориясында зерттелді. Бұл есеп әдебиетте Шварцшильд есебі деп аталады. Осы есепті шығару үшін Лагранж, Гамильтон формализмдері, орташалау әдісі, ұйытқу теориясы және адиабаттық теориясы қолданылды.

Сонымен бірге, сынақ дененің қозғалысы аксиалды-симметриалы гравитациялық өрісте қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде ғаламшарлардың перигелиінің ығысу өрнегі орталық дененің квадрупольдік моментімен толықтырылды. Мұнда квадрупольдік моменттің классикалық түзету мен релятивтік түзетуде үлесі бар екені көрсетілді. Есептеулердің барлығы ~1/c2  (мұндағы c - жарық жылдамдығы) және ~D (квадрупольдік момент) жуықтауларда жүргізілді.

Аксиалды симметриялы метрика үшін ғаламшарлардың перигелийлерінің ығысу өрнегін қорытып шығару барысында екі түрлі әдіс қарастырылды. Бірінші жағдайда қозғалыс теңдеулерін алу үшін Гамилтонның канондық өрнектері тікелей қолданылса, екінші жағдайда адиабаттық инварианттар теориясы жұмылдырылды. Денелер қозғалысының адиабаттық теориясы жалпы салыстырмалық теориясы механикасында эволюциялық қозғалысты зерттеуге арналған әдіс болып табылады. Нәтижесінде, екі түрлі әдіспен алынған өрнектердің бір-біріне сәйкес болғаны және адиабаттық теорияның бірінші әдіске қарағанда тиімді екені анық көрсетілді.

Мақала академик Мейірхан Әбділдиннің туылғанына 80 жыл толуына арналады.

Опубликован

08.06.2018

Выпуск

Раздел

Физика плазмы

Как цитировать

Аксиалды-симметриялы гравитациялық өрістің экваторлық жазықтығында сынақ дененің қозғалысын адиабаттық теория арқылы зерттеу. (2018). Recent Contributions to Physics, 2018(1), 67-80. https://bph.kaznu.kz/index.php/zhuzhu/article/view/624

Наиболее читаемые статьи этого автора (авторов)