Этанолдың криовакуумды конденсаттарының асқын суытылған сұйық фазасының болуы туралы мәселе

Авторы

  • A. Aldiyarov Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi Алматы қ., Қазақстан
  • S. Kadylbek Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi Алматы қ., Қазақстан

Аннотация

Авторлардың бұрын этанолдың криовакуумды конденсаттарының жұқа қабықшаларына жүргізген ИҚ-спектрометрлік және термодесорбциялық зерттеулері және осы нәтижелерді топ жұмыстарының мәліметтерімен салыстыру этанолдың төменгі температуралы күйлерінің болуының температуралық интервалдарына қатысты бірқатар қорытынды жасауға түрткі болды. Қосымша алынған тәжірибелік мәліметтер шыныға өту температурасынан Tg ≈ 98 K төменгі температураларда түзілген этанолдың криовакуумды конденсаттары кезекті термоүдетілетін түрөзгерістерден кейін асқын суытылған сұйық фаза деп аталатын күйден өтетіндігіне нұсқайды. Қатты дене – сұйық ауысуының температура интервалы (97-100 К) сұйық фазаны шыныға айналдыру арқылы қол жеткізілген этанол үлгілерін зерттеуден алынған авторлардың мәліметтерімен жақсы сәйкес келеді. Зерттеулер төментемпературалық әмбебап тәжірибелік ИҚ-спектрофотометрде жүргізілді. Зерттелетін үлгілердің температуралары 16 К-нен 120 К-ге дейін өзгертіліп отырды. Криоконденсациялау кезіндегі газ фазасының қысымы сынап бағанасы бойынша P=5×10-5 мм.Hg құрады. Инфрақызыл спектрлер диапазоны толқындар саны бойынша 400 см-1-ден 4200 см-1-ге дейін болды.

Опубликован

17.06.2013

Выпуск

Раздел

Теплофизика и теоретическая теплотехника

Как цитировать

Этанолдың криовакуумды конденсаттарының асқын суытылған сұйық фазасының болуы туралы мәселе. (2013). Recent Contributions to Physics, 2013(2), 72-79. https://bph.kaznu.kz/index.php/zhuzhu/article/view/744

Наиболее читаемые статьи этого автора (авторов)

1 2 > >>