Шыныға өту температурасы маңындағы этанолдың криовакуумды конденсаттарының түрөзгерісі

Авторы

  • A. Aldiyarov Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi Алматы қ., Қазақстан
  • S. Kadylbek Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi Алматы қ., Қазақстан
  • S. Zhumabayeva Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi Алматы қ., Қазақстан

Аннотация

Суытылатын металл төсетекке газ күйінен әр түрлі температуралар мен қысымдарда конденсациялау барысында түзілетін этанолдың криовакуумдық конденсаттарының жұқа үлдірлеріне ИҚ-спектрометрлік және термодесорбциялық зерттеулер жүргізілді. Зерттеудің негізгі мақсаты – этанолдың криоконденсаттарының жұқа үлдірлеріндегі шыныға өту температурасы маңындағы динамикалық релаксациялық процестерді және кеңістіктік-ретсіз күйден реттелген күйге көшулерін зерттеу. Конденсация температурасы T = 16 К-де түзілген этанолдың криоконденсаттарының үлдірлері аморфты күйде (ASE) болатындығы анықталды. Үлгілердің температурасын арттыру нәтижесінде, T = 80 К мәнінде, ASE құрылымды шыныға түрленеді. Әрі қарай T = 97 К дейін қыздыру барысында құрылымдық шыны асқын суытылған сұйыққа айналады және T = 105 К температурада пластикалық кристалл түзейді.

Опубликован

12.06.2014

Выпуск

Раздел

Теплофизика и теоретическая теплотехника

Как цитировать

[1]
A. Aldiyarov, S. Kadylbek, и S. Zhumabayeva, «Шыныға өту температурасы маңындағы этанолдың криовакуумды конденсаттарының түрөзгерісі», Rec.Contr.Phys., т. 2014, вып. 2, сс. 48–56, июн. 2014, просмотрено: 11 июль 2026 г. [онлайн]. доступно на: https://bph.kaznu.kz/index.php/zhuzhu/article/view/772

Наиболее читаемые статьи этого автора (авторов)

1 2 > >>