Полиимидті композитті материалының оптикалық қасиетіне SiO толықтырғышының әсері
Ключевые слова:
полиимидті композит қабыршақ, SiO толықтырғыш, атомды-күштік микроскопия, спектрофотометрияАннотация
Атомдық күштік микроскопия әдісімен полиимидтің және «Полиимид – SiO толықтырғыш» жүйесінің беттік морфологиясы зерттелінді. Матрицаға әртүрлі концентрациялы SiO ұсақ дисперсті толықтырғыштар енгізу нәтижесінде полиимидті композит материалының оптикалық қасиетінің өзгерісі анықталынды. λ ~ 450 нм мәнінде жарық өткізу коэффициентінің өте тез көтерілуі байқалады және ультракүлгін диапазонда (λ < 300 нм) шыңдардың төмендеуімен қатар өткізу шекараларының ығысуы байқалады. Бұл құбылыстар полиимид қабыршақтың оптикалық орталықтың әсерінен болатын ішкі қайта құрылуға байланысты. 1 сал.% және 2 сал.% концентрацияда SiO толтырғышты ендіру композитті материалдың жарық өткізу коэффициентінің айтарлықтай өзгерісіне алып келмейді, ал 5 сал.% концентрацияда ендіру жарық өткізу коэффициентінің мәнін 15% жоғарылатады.
