Полиимидті қабыршақтың морфологиясына, оптикалық қасиеттеріне, молекулалық құрылымына шунгит толықтырғышының концентрациясының әсері

Авторы

  • A.D. Muradov Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi Алматы қ., Қазақстан
  • G.Sh. Yar-Mukhamedova Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi Алматы қ., Қазақстан
  • S.B. Mukhambetova Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi Алматы қ., Қазақстан
  • K.B. Cheryazdanov Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi Алматы қ., Қазақстан
  • K.M. Amyrkhanova Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi Алматы қ., Қазақстан
  • Zh.A. Alyeva Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi Алматы қ., Қазақстан

Ключевые слова:

полиимидті қабыршақ, шунгит толықтырғышы, раман-спектроскопия, атомдық-күштік микроскопия, оптикалық микроскоп

Аннотация

Ұсынылған жұмыста полиимидті қабыршақтың морфологиясына, оптикалық қасиеттеріне, молекулалық құрылымына шунгит толықтырғышының концентрациясының әсері зерттелді. Шунгитті төрт түрлі концентарцияда қолдандық. Алынған барлық үлгілерде концентрацияға байланысты өзгерістерді байқауға болады. Концентрация артқан сайын бет соғұрлым тегіс болады. Толықтырғыш қосу қабыршақтың фотолюменесценциялық спектріне қатты әсер етпейді, спектрдің бұндай болуы полиимидтің радиацияға жоғары тұрақтылығымен сипатталады. Полиимидтің негізгі қасиеттеріне ыстыққа төзімділік, жылуға шыдамдылық, радиацияға тұрақтылығы, органикалық ерітінділерге тұрақтылығы және басқа да бағалы қасиеттері жатады. Қабыршақтардың құрылымдық элементтеріне талдау жасау үшін комбинационды шашырау әдісі қолданылды. Полиимидті қабыршақтардың беттік морфологиясын зерттеу атомдық күштік микроскоптың көмегімен жүзеге асырылды. Ал шунгит толықтырғышының өлшемдерін оптикалық микроскоп Leica DM 6000 M көмегімен анықтадық. Және де шунгиттің концентрациясының әртүрлілігіне байланысты жарықты өткізу коэффициенттерінің өзгеріс графигі келтірілген. Сонымен қатар полиимид үшін қалыпты жағдайда механикалық кернеудің, механикалық салмақтың полиимидке әсерін зерттеу әдісі және полиимидтің физикалық шамасы қарастырылды. Жүргізілген негізгі зерттеулер нәтижесінде полиимидті қабыршақтардың беріктік қасиеттері, оптикалық қасиеті және тағы да басқа қасиеттерінің өзгеруі толықтырғыштың түрімен қатар оның концентрациясына да тәуелді екенін анықтадық. Шунгит толықтырғыштан тұратын пoлимерлі кoмпозитті мaтериал үлгiлерінің физикалық қасиeттері пoлиимид қaбыршақтың концентрциясына, қабыршақ қалыңдығына тiкелей тәуeлді.

Опубликован

29.03.2018

Выпуск

Раздел

Физика конденсированного состояния и проблемы материаловедения. Нанонаука

Как цитировать

Полиимидті қабыршақтың морфологиясына, оптикалық қасиеттеріне, молекулалық құрылымына шунгит толықтырғышының концентрациясының әсері. (2018). Recent Contributions to Physics, 2017(1), 52-60. https://bph.kaznu.kz/index.php/zhuzhu/article/view/513

Наиболее читаемые статьи этого автора (авторов)