Күн белсенділігі мен ғарыштық сәулеленудің Жердің жаһандық климатына әсері
Ключевые слова:
ғарыштық сәулелер, Күн белсенділігі, Жер атмосферасы, жаһандық температураАннотация
Осы уақытқа дейін күн белсенділігінің құбылмалылығы мен жаһандық ғарыштық сәулеленудің ағындары Жер атмосферасының әр түрлі процестеріне маңызды ықпал ететіндігін растаушы көптеген мәліметтер жиыны жиналған. Алайда күн белсенділігінің уақыттық динамикасының күрделілігі күшіне байланысты, ҒС ағындарының және Жер атмосферасының параметрлеріне осы шамалар байланысының қатынасы тұжырымдарының ауқымы айтарлықтай кең. Мысалы, күн белсенділігі мен жаһандық температураның арасындағы тура корреляцияның бар болуын нығайтудан бастап оның толықтай жоққа шығаруына дейін.
Бұл жұмыста күн белсенділігі мен ғарыштық сәулеленудің Жердің жаһандық климатына әсерінің бар болуы немесе жоқ болуы құбылысы конвергенттік кросс-салыстыру әдісімен зерттелген. Соңғы жылдарда Паккард-Такенс теоремасына негізделіп жасалған бұл әдіс екі шаманың уақыттық қатарлары арасындағы себеп-салдарлық байланысты, тіпті оларды дәстүрлі әдістермен анықталмаған жағдайда да зерттеуге мүмкіндік береді. Екі шама арасындағы сызықты байланысты көрсететін өзара корреляциялық функция жаһандық температура мен ҒС ағыны арасында еш байланыс жоқ екенін көрсетсе де, бейсызық және себепті байланыстың бар-жоғын көрсететін жаңа конвергенттік кросс-салыстыру әдісі күн белсенділігі мен ғарыштық сәулелену жаһандық температураға елеулі әсер ететінін дәлелдейді: ҒС ағынының көлеңкелі көпбейнесінен бағаланған жаһандық температура аномалиясы мәндерінің осы аномалияның өлшенген (шың) мәндерімен корреляциясы өте жоғары болып табылады.
