Радиотехникалық пәндерді зерттеуге арналған цифрлық білім беру платформасын әзірлеу

Авторлар

DOI:

10.26577/RCPh.2022.v82.i3.10

Кілт сөздер:

digital educational platform, virtual laboratory, satellite radio monitoring, remote access, client-server architecture, Unity3D, Leap Motion

Аңдатпа

Интерактивті оқыту мүмкіндіктері бар цифрлық білім беру платформасының көмегімен шешілетін негізгі міндеттер білім алудың қашықтан процесі, оқу материалдарына тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз ету және оқушылардың үлгерім деңгейін бақылау болып табылады. Бұл жұмыста аса жоғары жиілікті (АЖЖ) және өте жоғары жиілікті (ӨЖЖ) диапазондарының заманауи радиожүйелерін қашықтықтан зерттеуге арналған цифрлық білім беру платформасын әзірлеу қарастырылған. Әзірленген платформаның архитектурасы – клиент-сервер. Сервер бөлігі жиналған зертханалық нәтижелер туралы мәліметтер базасын қамтиды, ал клиент бөлігі қажетті ақпаратты көрсетуге және шығаруға жауап береді. Білім беру платформасының құрамына кіретін виртуалды зертханалық жұмыстардың тізімі, сондай-ақ виртуалды зертханада қолданылатын құрылғылар мен өлшеу құралдары ұсынылған. Unity 3D қосымшаларын әзірлеу құралын қолдана отырып, қашықтан қол жетімділікпен зертханалық жұмысты жүзеге асырудың мысалы келтірілген. Бұл цифрлық білім беру платформасын Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің радиотехникалық пәндерді оқу процесінде «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» білім беру бағдарламасының студенттері пайдаланады. Оқу процесінде виртуалды зертханалық жұмыстарды қолдану нақты қымбат жабдықты ауыстыруға, сондай-ақ оқытудағы практикалық дағдыларды бекітуге мүмкіндік беретіні көрсетілген.

Жарияланды

2022-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Methods of teaching high school physics

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары