Шекаралық қабатының кішібастапқы қалыңдығы барағыншаға әсер етуін зерттеу

Авторы

  • Ғ. Төлеуов
  • Н.Б. Есім
  • Б.К. Зейнеғабиден
  • Б. Байғалиқызы
        58 24

Аннотация

зерттеуБұл мақалада шекаралық қабатының кіші бастапқы қалыңдығы бар ағыншаға әсері эксперименттік түрде зерттелді. Берілген шарттарға байланысты жылдамдық пульсацияның және статикалық қысымның таралуы көрсетілген. Жоғары жиілікті пульсациялар негізінен қондырма жиегінің маңындағы ағыншаның шекарасына әсер етеді. Кіші периодтық әсерді беру арқылы ағыншадағы турбулентті араласуды басқару мүмкіндігіне баға берілді. Соңғы кездері ағыншадағы турбулентті ығысуға әр түрлі басқарушылық әсерлерді зерттеуге деген қызығушылық біршама артып отыр. Бұл әр түрлі техникалық құрылғыларда, атап айтқанда химиялық технологиядағы араластыру камераларындағы, жанатын құрыл-ғыларды жағу камераларындағы және т.б. өтіп жатқан үрдістердің дамуының қарқындануындағы (немесе басылуындағы) тәжірибенің қажеттілігімен түсіндіріледі. Ағыншадағы ағынның құрылымына қатты әсер ететін ықтималды әдістердің бірі акустикалық тербелісті пайдалану болып табылады. Бұл әдістің артықшылығы әсер нәтижесінің екі жақты сипаты. Тартқызылатын жиілігіне қарай турбулентті ығысу қарқынының артуы мен ағыншаның ерте сөнуі немесе оның басылып, ағыншаның алысқа ағуы орын алуы мүмкін.

Загрузки

Как цитировать

Төлеуов, Ғ., Есім, Н., Зейнеғабиден, Б., & Байғалиқызы, Б. (2016). Шекаралық қабатының кішібастапқы қалыңдығы барағыншаға әсер етуін зерттеу. Вестник. Серия Физическая (ВКФ), 56(1), 56–60. извлечено от https://bph.kaznu.kz/index.php/zhuzhu/article/view/439

Выпуск

Раздел

Теплофизика и теоретическая теплотехника