Тығыз екі компонентті плазманың шағылу коэффициентін зерттеу

Авторлар

  • A.B. Ashikbayeva Казахский национальный университет им.аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы
  • A. Askaruly Казахский национальный университет им.аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы
  • S.A. Syzganbayeva Казахский национальный университет им.аль-Фараби, Казахстан, г. Алматы
  • Z. Mazhit ПГУ им. Торайғырова, Казахстан, г. Павлодар

##doi.readerDisplayName##:

10.26577/RCPh-2019-i3-4

Кілт сөздер:

момент әдісі, моменттер, шағылу коэффициенті, Мермин үлгісі, соқтығысулар динамикалық жиілігі, соқтығысулар статикалық жиілігі.

Аңдатпа

Аннотация: Мақалада екі компонентті плазмадан электромагниттік сәулешығару шағылу коэффициенттерінің бұрыштық тәуелділіктері зерттелген. Моменттер әдісі төңірегіндегі [1]  және Мермин моделіндегі [2] диэлектрлік функция үшін өрнектер эксперимент деректерімен [3-6] салыстырылып қарастырылған. Мермин моделінде статикалық, сонымен қатар динамикалық соқтығысу жиіліктері қолданылған. Берілген жүйенің статикалық сипаттамалары бөлшек аралық әсерлесу потенциалы ретінде Дойч потенциалы қарастырылған сызықтық диэлектрлік елес теориясы арқылы есептелді [7]. Мермин моделінің, оның моменттер әдісінен айырмашылығы, әсер етуші сәулешығарудың s- пен p-поляризациялауында тек қысқа толқындар үшін қолданылуы артық екені көрсетілді. Басқаша айтқанда моменттер әдісі арқылы алынған нәтижелер Мермин үлгісімен салыстырғанда тығыз плазмадан электромагниттік сәулешығару шағылуы кең зерттеу диапазонында пайдаланылуы мүмкін.

Статикалық құрылымдық факторлар есептеуін қолданып, асқын түптелген тізбектер негізінде моменттер әдісі төңірегінде электромагниттік толқындар плазмадан шағылу теориясының әрі қарай дамыту жолдары көрсетілген.

Түйін сөздер: момент әдісі, моменттер, шағылу коэффициенті, Мермин үлгісі, соқтығысулар динамикалық жиілігі, соқтығысулар статикалық жиілігі.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-09-26

Журналдың саны

Бөлім

Plasma Physics

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары