Астрофизикалық компакт объектілерінің ішкі және сыртқы кеңістік-уақытына арналған шарттарын сәйкестендіру
##doi.readerDisplayName##:
10.26577/RCPh-2019-i4-6Кілт сөздер:
меншікті мәндер, қисықтық тензоры, гравитациялық өріс, Энштейн теңдеулірі, шағын айналмалы денелердің өрісі, ЖСТ.Аңдатпа
Осы жұмыста біз астрофизикалық компакт объектілері үшін Эйнштейн теңдеулерінің ішкі және сыртқы шешімдерін сәйкестендіру мәселесін зерттейміз. Біз Эйнштейннің ішкі есебінің шешімін оның сыртқы ассимптотиклық жазық шешімімен сәйкестендірудегі минималды қашықтықты табу критериін ұсынып отырмыз. Үйлесімді гипербеттердің орналасуы Риманның өзінен кері тепкіш гравитациясы қолданылған қисықтық тензорымен шектелген. Мұнда сәйкесінше гипербеттердегі қисықтың белгілі меншікті мәндерінің туындылары біртекті тегіс болатындай жағдайда C3 сәйкестендіру критериі ұсынылған. Біз С3 тің идеалды сұйықтыққа арналған сфералық симметриялы кеңістік- уақытқа сәйкестендіру әдісін қолданып, физикалық мәні бар шартқа қол жеткіздік: ол келісілген бетте тығыздық пен қысым өзара жойылып кететіндігін көрсетеді. Нәтижесінде симметрия өстерінде нақты бекітілген қысымның мәні мен сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік беретін минималды радиусты табамыз. Осы нәтижелер ары қарай сыртқы және ішкі метрикалық функцияларды біртұтас сәйкестендіру үшін қолданылады. Сонымен қоса, осы жұмыста Ньютон гравитациясындағы бірнеше идеал сұйықтықтық шешімдер алынған.
