Құрамында пропаны болатын үшкомпонентті газ қоспасындағы механикалық тепе-теңдіктің орнықсыздығын Стефан-Максвелләдісімен зерттеу

Авторы

  • М.С. Молдабекова
  • М.К. Әсембаева
  • В. Мукамеденқызы
  • Ә.Б. Абдулаева

Аннотация

Мақалада үшкомпонентті газ қоспасындағы механикалық тепе-теңдіктің орнықсыздығын зерттеудің эксперименттік мәліметтері мен Стефан-Максвелл әдісімен есептелгендердің салыстырылуы көрсетілген. Құрамында пропан, азот тотығы және көмірқышқыл газы болатын жүйе үшін анықталған эксперименттік мәліметтер екіколбалы әдіспен алынған. Эксперименттерде аппараттағы пропанның бастапқы концентрациясына байланысты екінші колбаға тасымалданған мөлшері қысымға тәуелді: пропанның максимал тасымалдауы қысымның белгілі бір мәнінде рmax байқалатындығы анықталған. «Пропан – азот тотығы» бинарлы қоспасындағы пропанның бастапқы концен-
трациясының өсуі алдымен нақты жүйедегі пропанның максимал тасымалдауы байқалатын қысымның азаюына, одан кейін оның артуына алып келетіндігін теориялық зерттеу де дәлелдеді. Компоненттің мұндай тасымалдауы молекулалық диффузияға тән емес.

Загрузки

Опубликован

2016-02-25

Выпуск

Раздел

Теплофизика и теоретическая теплотехника