Жер қыртысының гравитациясы және оның сипаттамалары
DOI:
https://doi.org/10.26577/RCPh202592114Кілттік сөздер:
гравитациялық өріс, Жердің ішкі гравитациясы, өріс кернеулігі, Жер қыртыстарының тығыздығы және қысым, сызықтық регрессия амалы, Mathcad 15 пакеті, теориялық модельдерАннотация
Қазіргі уақытта Жер және Күн жүйесінің гравитациялық өрісінің параметрлері жан-жақты зерттелген. Жердің ішкі қыртысының гравитациясының физикалық заңдылықтары жүздеген жылдар бойы зерттеліп келсе де әлі де толық шешімін тапқан жоқ. Мақалада Жердің бетінен оның центріне дейінгі қыртыстардың кейбір физикалық сипаттамалары қарастырылған. Соңғы уақыттағы жасалған геофизикалық зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып Жердің тереңдігіне байланысты гравитациялық өрістің кейбір параметрлерінің (кернеулік (ауырлық күшінің үдеуі), Жер қыртысының тығыздығы және қысымы) жуықтап алынған мәндерін анықтауға арналған көптеген эксперименттік мәліметтер негізінде кесте жасалды.
Жер қыртысының тереңдікке байланысты оның тығыздығының, қысымының және ауырлық күші үдеуінің теориялық модельдері жасалды. Теориялық модельдер сызықтық регрессия атты математикалық әдіс көмегімен құрылды. Осы модельдерді сипаттайтын теңдеулерді эксперименттік түрде табылған кестедегі мәндермен салыстыру амалдары жасалды. Салыстыру амалдарының ғылыми нәтижелері талданды және Жердің ішкі жағының тереңдігіне байланысты гравитациялық өрісті сипаттайтын параметрлердің тереңдікке байланысты өзгеру динамикасы бойынша қорытынды жасалды.
Жер қыртысының гравитациясының сипаттамаларының математикалық моделдерінің шешімдерін табуда Mathcad 15 қолданбалы бағдарламалар пакеті қолданылды. Mathcad 15 пакеті көмегімен Жердің тығыздығының, қысымының және ауырлық күші үдеуінің тереңдікке тәуелділігін сипаттайтын теориялық және эксперименттік графиктері құрылды.
