Екі өлшемді өрістерге негізделген статикалық масс-анализаторларды жуықтап есептеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/RCPh.2024v90i3-010Кілттік сөздер:
масс-анализатор, энергия бойынша фокустау, «сапа» параметрі, масса бойынша дисперсия, энергия бойынша дисперсия, екі өлшемді магниттік призмаАннотация
Статикалық масс-анализаторларында электр және магнит өрістерін ортақ пайдалану жоғары аналитикалық мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып, бөлшектерді тек масса бойынша тиімді жіктеуге мүмкіндік береді. Ажыратқыштығы жоғары масс-анализаторлар иондар шоғын энергия бойынша фокустау үшін ахроматтандыратын электростатикалық жүйені пайдаланады. Энергияның нөлдік дисперсиясы бар құрылғылар электрлік ахроматтандыру жүйелерінің және анализатордың магнит өрісінің бірлескен әрекеті арқылы жасалады, нәтижесінде шоқтағы иондар тек массалар бойынша жіктеледі. Магнит өрісіне түспес бұрын иондық сәуленің кеңеюі статикалық масса анализаторларының сапасын жақсартады. Бұл мақалада иондар шоғының қос фокусталуы бар статикалық масс-анализаторы қарастырылады. Электродтар шекараларындағы иондардың үдеуі мен баяулау процесі, олардың трансаксиалды линзамен фокусталуы және электростатикалық призманың сыну бетінің масс-анализаторының "сапа" параметріне әсері сипатталған. Масс- анализаторының сызықтық дисперсиясын арттыру үшін сектордың біртекті магнит өрісін екі өлшемді магниттік призма мен үш электродты трансаксиалды фокустық линзаның өрістеріне ауыстыру да қарастырылады. Магнит өрісіне кірер алдында иондар шоғының фокусталуын жақсарту үшін екі өлшемді электростатикалық призманы қолдану ұсынылады, бұл масса анализаторының сызықтық дисперсиясын арттыруға және сонымен қатар магнит өрісіне кірер алдында шоқтың енін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыста екі өлшемді электр призмасының зарядталған бөлшектер шоғырына әсері қарастырылып, оның энергия бойынша бұрыштық дисперсиясының жуықталған өрнегі қарастырылды. Екі өлшемді электрлік және магниттік призмалары бар призмалық масс-анализаторының сызықтық дисперсиясын арттырып және оның сызықтық өлшемдерін азайта отырып, энергия бойынша фокустауды жүзеге асыруға болатындығы көрсетілген.