Идеалды емес газ қоспаларындағы механикалық тең-теңдіктің орнықсыздығы
DOI:
https://doi.org/10.26577/RCPh.2024v90i3-014Кілттік сөздер:
диффузия, конвекция, механикалық тепе-теңдіктің орнықсыздығы, орнықтылық теориясы, идеалды емес газдарАннотация
Тығыздықтың кеңістіктік біркелкі еместігінен туындаған құбылыстарды, сондай-ақ табиғи газды тазарту, газ қоспаларын белгілі бір компоненттермен бөлу және байыту процестерін сипаттау үшін диффузиялық процестерді ғана емес, сонымен қатар концентрация градиенті болған кезде пайда болатын конвективті ағындарды да ескеру қажет. Белгілі бір жағдайларда көпкомпонентті газ қоспаларында механикалық тепе-теңдіктің орнықтылығы бұзылуы мүмкін, яғни қарастырылып отырған жүйелерде тұрақты диффузиялық процестен конвективтіге көшу жүзеге асырылады. Орнықтылыққа сызықтық талдауды қолдану Рэлейдің парциал сандарының жазықтығында диффузиялық процестің конвективтіге өту шекарасын, сондай-ақ осы ауысу мүмкін болатын жылуфизикалық және геометриялық сипаттамалардың мәндерін анықтауға мүмкіндік береді. Құрамында идеалды емес қасиеттерге ие компоненттері бар газ жүйелері үшін алынған тәжірибелік деректерді сипаттау үшін осы тәсілді қолдану кезінде сәйкессіздіктер байқалады. Сондықтан, бұл жұмыстың мақсаты идеалды емес газ қоспаларында механикалық тепе-теңдік орнықтылығының жоғалу шекарасын анықтау әдістемесін жасау болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін режимдердің өзгеруін сипаттайтын математикалық модельде күй теңдеуі вириалдық түрде қолданылады. Әзірленген тәсілдің негізінде C3H8 + CO2 – N2O және C3H8 + N2O – CO2 жүйелері үшін орнықтылық карталары алынды. Есептеу нәтижелерін тәжірибелік деректермен салыстыруда ұсынылған әдістемені құрамында нақты қасиеттерге ие компоненттері бар үшкомпонентті газ қоспаларында араласу режимдерін өзгерту шарттарын анықтау үшін қолдануға болатынын көрсетті.