Модифицирленген күкіртті бетонның физика-химиялық қасиеттерін зерттеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/RCPh.2024v90i3-06
        1 4

Кілттік сөздер:

күкірт, күкіртті бетон, модификатор, анилин гидрохлорид, рентгендік фазалық талдау, дифрактограмма, электронды микроскоп, ИҚ-спектроскопия, Раман спектроскопиясы

Аннотация

Бұл зерттеуде элементарлы күкіртті органикалық модификаторлармен өңдеу арқылы оның полимерлену процесі тереңірек зерттелді. Нәтижесінде, күкірт бетондары үшін жоғары сапалы байланыстырғыш алуға мүмкіндік беретін оңтайлы модификациялау шарттары анықталды. Модификацияланған күкірт негізіндегі күкірт бетондарын алу технологиясы толық сипатталды.

Тәжірибе барысында элементарлы күкіртті 140-145 °C температураға дейін қыздырып, содан кейін анилин гидрохлориді қосылды. Реакцияны толықтыру үшін температураны 160 °C дейін көтеріп, 45 минут бойы сақтады. Алынған күкірт бетонының орташа тығыздығы 2382 кг/м³ құрады. Оның құрамына 56% құм, 14% күл және 30% модификацияланған күкірт кірді.

Модификацияланған күкірт негізіндегі күкірт бетонның физикалық-химиялық қасиеттерін толықтай зерттеу үшін рентгендік фазалық талдау, инфрақызыл спектроскопия, сканерлеуші электронды микроскопия, гамма-спектроскопия және рентгендік флуоресценттік анализ әдістері қолданылды. Сонымен қатар, материалдың жылулық тұрақтылығын бағалау үшін дифференциалды термоанализ және термогравиметриялық анализ әдістері қолданылды. Дебай-Шеррер теңдеуі бойынша есептелген полимерлі күкірт бетонының бөлшектерінің орташа мөлшері 84,14 нм құрады, бұл оның жоғары дисперстілігін көрсетеді. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жоғары беріктікке және әртүрлі сыртқы әсерлерге төзімділігі жоғары жаңа құрылыс материалы – күкірт бетон алуға мүмкіндік беретін тиімді әдіс әзірленді.

Авторлардың биографисы

Н.Д. Аманова, Термез мемлекеттік университеті, Термез қ., Өзбекстан

автор-корреспондент, PhD, доцент, Термез мемлекеттік университетінің химия факультеті, Термез қ., Өзбекстан. email: amanova0176@gmail.com

Х.Х. Тураев, Термез мемлекеттік университеті, Термез қ., Өзбекстан

химия ғылымдарының докторы, Термез мемлекеттік университетінің химия факультетінің профессоры, Термез, Өзбекстан. email: hhturayev@rambler.ru

А.Т. Джалилов , Ташкент химия-технология ғылыми-зерттеу институты, Ташкент қ., Өзбекстан

химия ғыл. докт., профессор, Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, Ташкент химия-технология ғылыми-зерттеу институтының директоры. Ташкент қ.Академик Академии наук Республики Узбекистан, директор Ташкентского научно-исследовательского химико-технологического института. Ташкент, Узбекистан., Өзбекстан. email: gup_tniixt@mail.ru

A.K. Номозов, Термез мемлекеттік инженерлік және агротехнологиялық университеті, Термез қ., Өзбекстан

PhD, доцент, Термез мемлекеттік инженерлік және агротехнологиялар университетінің «Химиялық инженерия» кафедрасының меңгерушісі. Термез қ., Өзбекстан. email: abrornomozov055@gmail.com

Е.С. Соттикулов, Ташкент химия-технология ғылыми-зерттеу институты, Ташкент қ., Өзбекстан

доцент, Ташкент химия-технология ғылыми-зерттеу институтының «Химиялық инженерия» зертханасы кафедрасының меңгерушісі, доцент. Ташкент қ., Өзбекстан. email: gup_tniixt@mail.ru

Ю.А. Махмудова, Өзбекстан Ұлттық университеті, Ташкент қ., Өзбекстан

Өзбекстан Ұлттық университетінің химия факультетінің студенті. Ташкент қ., Өзбекстан. email: amanova0176@gmail.com

Жүктелулер

Как цитировать

Аманова N. ., Тураев K. ., Джалилов A. ., Номозов A. ., Соттикулов E. ., & Махмудова Y. . (2024). Модифицирленген күкіртті бетонның физика-химиялық қасиеттерін зерттеу. ҚазНУ Хабаршысы. Физика сериясы, 90(3), 46–55. https://doi.org/10.26577/RCPh.2024v90i3-06

Шығарылым

Бөлім

Физика конденсированного состояния и проблемы материаловедения. Нанонаука