Өзбекстанның оңтүстік аймақтарындағы йодқа бай Хаудак және Учкизил жер асты суларының құрамын рентгендік флуоресцентті анализатор негізінде зерттеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/RCPh202593210Кілттік сөздер:
Хаудак тұзды суы, Учкизил тұзды суы, темір(III) хлориді, йод тұнбасы, рентгендік флуоресцентті талдауАннотация
Бұл зерттеуде Өзбекстанның оңтүстігінде орналасқан және йод қосылған әртүрлі минералды тұздардан тұратын Хаудак және Учкизил жер асты суларына арналған және бұл сулардың өзара ұқсастығы мен олардың уақытқа байланысты өзгерістері талданған. Сыртқы ортаның әсерінен су құрамынан алынған бірнеше сынамалар мен бөлшектердің өзгерістері анықталды.
Алынған тұзды ерітінді құрамы рентгендік флуоресцентті анализаторды талдау негізінде сипатталған. Oған сәйкес уақыт өте келе судағы темір қосылыстары шөгіндіге түсетіні анықталды. Бастапқыда судың құрамында темірдің шамамен 0,130% - ы болады және белгілі бір уақыт аралығында баяу батып кетеді. Бұл тұнбаның құрамында темірдің мөлшері шамамен 65% құрайды. Сонымен қатар, жаңадан алынған су үлгісінде йодқа арнайы тотықтырғыштарды қосып, оны 1 ай бойы сақтау арқылы йодтың белгілі бір бөлігінің тұнбаға түскені байқалды. Нәтижесінде негізінен темір мен хлордан және сирек йодпен және ұқсас элементтермен қосылыстардан тұратын қоңыр-қызыл түсті тұнба пайда болды. Тұнбаның құрамында 1,317% йод бар, ал Хаудак суындағы йодтың 7,66% (21,32 мг/л) тотығу арқылы тұнбаға түскен. Алайда, бұл су ашық ауада ультракүлгін сәуленің әсеріне ұшыраған кезде, судағы йодтың тотығуы және ауа қабатына шығуы байқалды.
