GNSS+INS навигациялық құрылғысының архитектуралық және сұлбалық моделі

Авторлар

  • Б.А. Кәрібаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы қ., Қазақстан, https://orcid.org/0000-0003-1057-0296
  • Н. Мейрамбекұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-2250-4763
  • Н.Ш. Узбеков Ғ.Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0009-0007-9956-0102

DOI:

https://doi.org/10.26577/RCPh.2024.v91.i4.a11

Кілттік сөздер:

GNSS, INS, макеттік үлгі, архитектура, қосылу сұлбасы

Аннотация

Жұмыс азаматтық мақсаттағы ғылыми зымыранға арналған навигациялық модульдің макеттік үлгісін жасауға бағытталған. Зерттеу жобалау процесінің барлық кезеңдерін қамтиды: аппараттық құрамдас бөліктерді таңдаудан бастап құрылғының электр схемалары мен модульдік архитектурасын әзірлеуге дейін. Жоба ғаламдық навигациялық спутниктік жүйені (GNSS) және инерциялық навигациялық жүйені (INS) біріктіруге негізделген, бұл нақты уақытта зымыран қозғалысының координаттары мен параметрлерін жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Модульдің архитектурасы STM32F777VI микроконтроллерін пайдалануға негізделген, ол деректерді өңдеуді, перифериялық құрылғыларды басқаруды, сондай-ақ UM980 GNSS модулімен және LSM6DSV32X инерциялық сенсорымен интеграцияны қамтамасыз етеді. Жүйе телеметрияны таратуға, жарықдиодты индикацияға және UART пен SPI сияқты байланыс интерфейстеріне арналған E22-400T33S радиомодулімен жабдықталған. Тұрақты жұмыс істеу үшін төмендетуші қуат түрлендіргіштері, кварц осцилляторы және электростатикалық разрядтардан қорғайтын элементтер қолданылған. Әзірленген прототип жүйенің функционалдығын зерттеуге, зымырантану саласындағы инновациялық тәсілдерді сынауға және 50 км-ге дейінгі биіктікте ғылыми тәжірибелер жүргізуге мүмкіндік береді. Ұсынылған жұмыс келесі кезеңдерге – калибрлеуге, далалық сынақтарға және нақты жұмыс жағдайларына бейімделуге негіз болады.

Авторлардың биографисы

Б.А. Кәрібаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматы қ., Қазақстан,

автор-корреспондент, PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, электроника және астрофизика кафедрасының ғылым жөніндегі меңгерушісінің орынбасары, Алматы қ., Қазақстан; e-mail: beibitkaribaev7@gmail.com

Н. Мейрамбекұлы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, электроника және астрофизика кафедрасы, Алматы қ., Қазақстан; e-mail: beibitkaribaev7@gmail.com

Н.Ш. Узбеков, Ғ.Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Алматы қ., Қазақстан

PhD, Ғ.Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Алматы қ., Қазақстан; e-mail: n.uzbekov@gmail.com

Как цитировать

Кәрібаев, Б. ., Мейрамбекұлы, Н., & Узбеков, Н. (2024). GNSS+INS навигациялық құрылғысының архитектуралық және сұлбалық моделі. ҚазНУ Хабаршысы. Физика сериясы, 91(4), 105–112. https://doi.org/10.26577/RCPh.2024.v91.i4.a11

Шығарылым

Бөлім

Нелинейная физика. Радиофизика