Импульстік плазмалық қозғалтқыштағы тұтандырушы ұшқын разрядының жану процесін зерттеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/RCPh20259216Кілттік сөздер:
импульсті плазмалық қозғалтқыш, разрядтық ток, ұшқындық разряд, плазманың эмиссиялық спектріАннотация
Бұл зерттеуде тұтану процесін оңтайландыру және оның негізгі плазмалық ағынның қалыптасуы мен дамуына әсерін зерттеу мақсатында бірнеше эксперименттер жүргізілді. Тұтану ұшқыны графит стерженьнің жерге қосылған электродпен жанасуы кезінде пайда болады. Ал графит электрод импульсті плазмалық қозғалтқышта (ИПҚ) отын ретінде пайдаланылады. Импульсті разрядтың қалыптасу динамикасы CMOS Phantom VEO710S жоғары жылдамдықты камерасының көмегімен тіркеліп, плазманың пайда болу және үдеу кезеңдерін анықтауға мүмкіндік берді. Разрядтың эмиссиялық спектрі Optosky сызықтық спектрометрінің көмегімен алынған, бұл плазманың құрамын талдауға және тарту күшінің көзін анықтауға мүмкіндік береді. Ұшқындық және негізгі разрядтардың ток күшінің уақыт бойынша өзгерісі Роговский белбеуінің көмегімен өлшенді.
