Модификацияланған полиимидті жүқақабықтардың оптикалық қасиеттері

Авторлар

  • Г.А. Исмайлова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-1813-2031
  • М.Б. Умерзакова А.Б. Бектұров атындағы химиялық ғылымдар институты, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-9392-4637
  • Д.С. Пузикова Д.В. Сокольский атындағы жанармай, катализ жəне электрохимия институты, қ.Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-5275-4769
  • С.Л. Пешая Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-1814-7567

DOI:

https://doi.org/10.26577/RCPh202592111
        119 54

Кілттік сөздер:

боялған полиимидті пленкалар, белсенді жасыл 4С, жарық өткізгіштік коэффициенті, шағылысу коэффициенті

Аннотация

Мақалада құрамында 4С жасыл түсті белсенді бояғышы бар боялған полиимидті пленкалардың спектрлік сипаттамалары зерттелді. Спектрофотометрия және Фурье-ИК спектроскопия әдістерін қолдану арқылы бояғыш концентрациясының пленкалардың өткізу және шағылу коэффициенттеріне әсері талданды. Эксперименттік зерттеулер бояғыштың мөлшерін арттыру көрінетін спектр аймағында жарық өткізгіштігінің 22–25%-ға төмендеуіне әкелетінін, алайда спектрлік максимумдардың орны өзгеріссіз қалатынын көрсетті. Бұл бояғыштың матрицада біркелкі таралғанын және фазалық сегрегацияның болмағанын дәлелдейді. Зерттеу нәтижелері 4С бояғышының енгізілуі 682 нм толқын ұзындығында тар сіңіру жолағын қалыптастыратынын көрсетті, бұл тұрақты боялған полимер құрылымының айрықша белгісі болып табылады. Сондай-ақ, бояғыштың полиимидті қалыптастыру процесін жылдамдататыны расталды. ИК-спектроскопия әдісі 1500–1000 см⁻¹ диапазонында қосымша сіңіру жолақтарының пайда болуын анықтады, бұл бояғыш пен полиимид матрицасы арасындағы ықтимал химиялық өзара әрекеттесуді білдіреді. Алынған нәтижелер боялған полиимидті пленкаларды оптикалық сүзгілердің, сенсорлардың және лазерлік жүйелердің белсенді элементтері ретінде пайдалану мүмкіндігін растайды. Бояғыш концентрациясын бақылау пленкалардың оптикалық қасиеттерін өзгертуге мүмкіндік береді, бұл оларды фотоникада, сенсорлық технологияларда және берілген спектрлік сипаттамалары бар функционалды материалдарды әзірлеуде қолдану перспективаларын ашады.

Авторлардың биографиясы

Г.А. Исмайлова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қатты дене физикасы және жаңа материалдар технологиясы» кафедрасының доценті. Алматы қ., Қазақстан, e-mail: guzal_a81@mail.ru

М.Б. Умерзакова, А.Б. Бектұров атындағы химиялық ғылымдар институты, Алматы қ., Қазақстан

Химия ғылымдарының докторы, профессор, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, еңбек сіңірген ғылым және педагог, «А.Б.Бектұрова атындағы Химия ғылымдары институты» АҚ полимерлер синтезі және физикалық химиясы зертханасының бас ғылыми қызметкері. Алматы қ., Қазақстан, e-mail: umerzak@mail.ru

Д.С. Пузикова, Д.В. Сокольский атындағы жанармай, катализ жəне электрохимия институты, қ.Алматы, Қазақстан

Д.В. Сокольский атындағы Отын, катализ және электрохимия институтының Электрохимия және нанотехнологиялық процестер зертханасының аға ғылыми қызметкері. Алматы қ., Қазақстан, e-mail: d.s.puzikova@mail.ru

С.Л. Пешая, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

корреспондент-автор; PhD,  Қауым. проф., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-техникалық факультетінің ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар факультетінің декан орынбасары, Алматы қ., Қазақстан, e-mail: peshaya.svetlana@kaznu.kz

Жүктелулер

Как цитировать

Исмайлова, Г. ., Умерзакова, М. ., Пузикова, Д. ., & Пешая, С. . (2025). Модификацияланған полиимидті жүқақабықтардың оптикалық қасиеттері . ҚазҰУ Хабаршысы. Физика сериясы, 2025(1), 102–109. https://doi.org/10.26577/RCPh202592111

Шығарылым

Бөлім

Физика конденсированного состояния и проблемы материаловедения. Нанонаука