Гравитация және вакуумның сызықты емес электродинамика әсерінен магнетардың магнитосферасы арқылы өткен жарық сәулесінің ауытқуын сандық түрде зерттеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/RCPh20259212Кілттік сөздер:
ықшам объект, электромагниттік сәуле, магнетар, вакуумның сызықты емес электродинамикасы, гравитацияАннотация
Бұл жұмыста электромагниттік сәуленің магнетардың магнетосферасы арқылы өту кезіндегі вакуумның сызықты емес электродинамикасы мен гравитацияның әсерлерін сандық түрде зерттеу әдістеріне шолу жасалады. Борн-Инфельд моделі негізінде эффективті метрика алынып, геодезиялық теңдеулер Рунге-Кутта әдісімен сандық түрде алынған шешімдері қарастырылады. Нәтижесінде, магнетардың айналасында жарық сәулесінің майысуы мен фронтының деформациясы анықталды. Зерттеу барысында сәуле фронтының эллипстік пішінге ауысуы және энергия тығыздығының таралуындағы анизотропия анықталды. Магнетар бетіне жақын аумақта бұрылу бұрышы 86°-тан асып, энергия тығыздығы 1.83 есеге артатыны есептелген. Бұл нәтижелер күшті өріс жағдайындағы жарықтың таралу заңдылықтарын сипаттап, болашақ астрофизикалық бақылаулар мен теориялық модельдеулерге маңызды үлес қосады.
