Тетракварк мезонның байланысқан күйдің қасиеттерін сипаттайтын релятивистік кварктық моделі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/RCPh20259322
        122 70

Кілттік сөздер:

тетракварк, мезон, кварк, релятивистік үлгі, матрицалық элемент

Аннотация

Қазіргі заманғы ядролық және жоғары энергия физикасында адрондардың ішкі құрылымын түсіндіру маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Соңғы жылдары зерттеліп келе жатқан экзотикалық адрондардың бірі — X(3872) мезоны. Бұл бөлшек алғаш рет 2003 жылы Belle тәжірибесінде табылған және қазіргі күнге дейін оның табиғаты туралы нақты тұжырым қалыптаспаған. Қазіргі таңда ең қызықты сұрақтардың бірі – X(3872)-мезонды түсіндіру мәселесі. Ол D0D0*байланысқан молекула ретінде, не болмаса дикварктардың байланысқан күйі болып табылатын тетракварк ретінде қарастырылады. Х(3872) мезонының қасиеттеріне қатысты Belle, BaBar, CDF және DØ коллаборациялары арқылы алынған эксперименттік және теориялық зерттеу нәтижелері қысқаша көрсетілді. Біздің жұмыста X(3872)-мезонды тетракварк ретінде қарастырып оның ыдырау ендері есептелді. Адрондардың оларды құрайтын кварктармен тиімді әрекеттесуін сипаттайтын релятивистік лагранжиандар қарастырылды. Кванттық өріс теориясы аясында байланысқан күйлерді сипаттауда тиімді құрал болып табылатын байланыстылық шартының анықтамасы берілді. Физикалық үдерістер амплитудаларында кварктардың пайда болуына сәйкес келетін кез келген табалдырықтық ерекшеліктердің болмауын қамтамасыз ететін инфрақызыл конфайнмент ұғымы енгізілді. ρ(ω) және D аралық күйлер арқылы жүретін XJ/ψ+2π(3π) және XD0+D0*+π0 ыдыраулардың ені есептелді. X(3872) мезонының өлшемін сипаттайтын параметрдің ақылға қонымды мәндерінде теориялық есептеулер эксперименттік деректермен сәйкес келетіні анықталды. Бұл анализ кварктардың конфайнментін ескеретін релятивистік конституенттік кварктік модель шеңберінде жүргізілді. Зерттеу нәтижелері X(3872) мезонының ішкі құрылымын тереңірек түсінуге және көпкварктік жүйелерді сипаттауға арналған болашақ зерттеулерге негіз бола алады.

Авторлардың биографиясы

С.А. Жауғашева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

физика-математика ғылымдарының кандидаты, теориялық және ядролық физика кафедрасының доценті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ, Қазақстан, е-mail: zhaugashevas@gmail.com

Г.Г. Сайдуллаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

(корреспондент автор) – PhD, теориялық және ядролық физика кафедрасының аға оқытушысы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ, Қазақстан, е-mail: saydullaeva.goziyal@kaznu.kz

Е.С. Бақтыгереева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

теориялық және ядролық физика кафедрасының лаборанты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ, Қазақстан, е-mail: katywka_b@mail.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Жауғашева, С. ., Сайдуллаева, Г. ., & Бақтыгереева, Е. . (2025). Тетракварк мезонның байланысқан күйдің қасиеттерін сипаттайтын релятивистік кварктық моделі. ҚазҰУ Хабаршысы. Физика сериясы, 93(2), 12–20. https://doi.org/10.26577/RCPh20259322

Шығарылым

Бөлім

Теоретическая физика. Физика ядра и элементарных частиц. Астрофизика