Физика пәнінде жобалық оқыту тәсілдерін қолдану

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/RCPh2025956
        24 6

Кілттік сөздер:

жобалық оқыту, толқындардың интерференциясы, физика, зерттеу құзыреттері, цифрлық трансформация

Аннотация

Бұл мақалада физика курсында механикалық толқындардың интерференциясын зерттеу мысалында жобалық оқытудың тиімділігі қарастырылды. Зерттеу жұмысы цифрлық трансформация дәуірінде физика пәнін оқыту мазмұнын жаңғырту, оқу үрдісін ғылыми-тәжірибелік іс-әрекетке негіздеу және білім алушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізілді. Физикадағы жобалық оқыту білім алушылардың зерттеушілік белсенділігі арттырып, олардың теориялық білімін нақты тәжірибемен байланыстыруға мүмкіндік береді. Мақалада жобалық тәсілдің теориялық және әдістемелік негіздері талданып, оның ғылыми білімді меңгерудегі артықшылықтары айқындалған.

            Зерттеу барысында білім алушылар механикалық толқындарың интерференциясын зерттейтін шағын жоба орындады. Жоба кезеңдері гипотеза ұсыну, эксперименттік қондырғы жасау, бақылау, деректер жинау және нәтижелерді талдауды қамтыды. Эксперимент нәтижелері толқын жиілігі мен амплитудасының өзгерісі интерференциялық сурет құрылымына әсер ететінін көрсетті. Алынған деректер теориялық модельдермен сәйкестендірілді және физикалық заңдылықтардың дұрыстығын растады.

            Жоба нәтижелері көрсеткендей, жобалық оқыту әдісі білім алушылардың зерттеу, аналитикалық және коммуникативтік құзыреттерін айтарлықтай дамытады. Сауалнама нәтижелері бойынша білім алушылардың көпшілігі жобалық жұмыс олардың пәнге қызығушылығын, танымдық белсенділігін және бірлесіп әрекет ету қабілеттерін арттырғанын атап өтті. Зерттеу жобалық оқытудың цифрлық трансформация жағдайында физиканы оқытудың тиімді педагогикалық моделі екенін және оны жалпы білім берудің жаңартылған мазмұнына енгізудің маңыздылығын дәлелдейді.

Авторлардың биографиясы

Ә.Г. Мырзағалиева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

доцент-зерттеуші, теориялық және ядролық физика кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан; e-mail: altair.73@mail.ru

Г. Ревалде, Рига техникалық университеті, Рига, Латвия

Dr.Phys., профессор, Рига техникалық университеті, Ригағ Латвия, e-mail: Gitar@latnet.lv

І.Е. Әубәкір, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

PhD докторант, 2 курс, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан. e-mail: izgizhan.erkinbekqyzy@gmail.com

Жүктелулер

Как цитировать

Мырзағалиева, Ә. ., Ревалде, Г. ., & Әубәкір, І. . (2025). Физика пәнінде жобалық оқыту тәсілдерін қолдану. ҚазҰУ Хабаршысы. Физика сериясы, 4(95), 47–54. https://doi.org/10.26577/RCPh2025956

Шығарылым

Бөлім

Methods of teaching high school physics