Плазмалық фокус қондырғысындағы D-D реакциясындағы синтезделу қимасы, реакция жылдамдығы мен нейтрондар генерациясы арасындағы өзара байланыс
Кілттік сөздер:
D-D реакциясы, реакция уақыты, Гамов факторы, нейтрон генерациясы, термоядролық плазма, реакция жылдамдығыАннотация
Бұл жұмыста плазмалық фокус қондырғысында жүзеге асатын D–D термоядролық синтез процестері синтез қимасы, реакция жылдамдығы, ядролық реакция уақыты және нейтрон генерациясы арасындағы өзара байланыс негізінде талданды. Зерттеудің мақсаты - Кулондық тосқауылдан өту және кванттық туннельдеу әсерлерімен анықталатын ядролық реакция кинетикасы тұрғысынан нейтрондардың түзілу механизмдерін айқындау болып табылады. D-D синтез реакциясының қимасы мен реакция жылдамдығы дейтрон энергиясының 1-200 кэВ аралығында есептеліп, EXFOR және ENDF ядролық деректер қорларымен салыстырылды. D-D синтез реакциясы нәтижесінде пайда болған нейтрондар күміс фольгалы активациялық детектор көмегімен тіркелді. Зерттеу нәтижесінде D-D синтезделу реакциясы үшін тиімді дейтерий иондарының энергия аймағы 25-80 кэВ екендігі анықталды. Синтез қимасы 10-3-10-2 барн аралығында болады, ал ядролық реакция уақыты 20-80 нс мәндерін қабылдап, сығылу фазасында эксперименттік тіркелген нейтрон импульстерінің ұзақтығымен сәйкес келетіні көрсетілді. Бұл жағдайда импульсті термоядролық плазмасындағы синтез реакциясының жылдамдығы Максвеллдік плазмамен салыстырғанда артады және плазманы магниттік ұстап тұру параметрлеріне қойылатын талаптар айтарлықтай төмендейтіні анықталды.
