ЭПР НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ЭПОКСИДТІК СМОЛАДАҒЫ РАДИАЦИЯЛЫҚ-ИНИЦИАЦИЯЛАНҒАН ПРОЦЕСТЕРДІҢ КИНЕТИКАСЫ
Аңдатпа
3 және 6 МГр дозалары үшін эпоксидтік смоланың сәулелендірілген үлгілеріндегі ЭПР спектрінің өзгеруінің кинетикасы эксперименттік түрде зерттелген. Ішкі үйкеліс параметрі және ЭПР-тан алынған нәтижелер бойынша еркін радикалдардың жойылуының кинетикасы арқылы бірінші екі тәулікте макромолекулалардың деструкция және тігілу реакциясы қарқынды өтетіні анықталған.
