Физикалық шамалардың өлшемдерін талдау әдісі

Авторлар

  • B.A. Mukushev С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетi, Қазақстан, Астана қ.
  • J.K. Sydykova Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • B. Yerzhenbek Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • J.M. Bitibaeva Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • E.A. Bateshov С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетi, Қазақстан, Астана қ.
  • E. Khuanbay С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетi, Қазақстан, Астана қ.
  • M.K. Zhukenov С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетi, Қазақстан, Астана қ.
  • B.S. Zheldybaeva Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет, Қазақстан, Семей қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/RCPh.2023.v87.i4.06

Кілттік сөздер:

өлшемдерді талдау әдісі, өлшемділік формуласы, физикалық бағалау, физикалық шамалардың өлшемі, ереже N-K=1

Аннотация

Физикалық зерттеулердің алғашқы кезеңдерінде физикалық процесстердің негізгі параметрлерін сипаттайтын қарапайым модель құрауда көптеген сапалық әдістер қолданылады. Осы сапалық әдістердің негізгі түріне физикалық шамалардың өлшемдерін талдау әдісі жатады. Аталған зерттеу әдісін қолданған жағдайда физикалық құбылыстар мен нысандарды зерттеу жұмысының соңғы нәтижелерін жуықтап бағалауға болады.

Мақалада физикалық зерттеулерде өлшемдерді талдау әдісін қолдану жолдары және әдістемесі қарастырылған. Физикалық құбылыстар мен объектілерді модельдеуде және талдауда аталған әдісті қолдану шарттары анықталды: әртүрлі физикалық шамалар арасындағы функционалдық тәуелділіктер дәрежелік түрде болуы тиіс және N-K=1 ережесі орындалуы тиіс. Өлшемдерді талдау әдісі арқылы физикалық процестерді талдауға қажетті шектеулер көрсетілген.

Физикалық шамалардың өлшемдерін талдаудың әдіснамалық функциясы зерттелді және эксперименттік нәтижелерді өңдеудегі осы әдістің тиімділігі анықталды. Ізделініп отырған физикалық шаманың кейбір шамаларға «жалған» тәуелділігінің орындалмайтындығына мысал келтірілді. Физикалық өлшемдерді талдау әдісі негізінде заңдылықтары ядролық жарылыстарды зерттеуде қолданылатын нүктелік жарылыстың сфералық соққы толқынының таралу құбылысы зерттелді. Физикалық шамаларды өлшеуге негізделген өлшемдерді талдау әдісінің теориялық және эксперименттік нәтижелерді салыстыруды іске асырудағы орны анықталды.

Библиографиялық сілтемелер

Yu.M. Brook, A.L. Stasenko, Kak fiziki delayut ocenki – metod razmernostej i poryadki fizicheskih velichin, (Moscow, Knowledge, 1975), 176 p.). (in Russ.).

G.A. Tirsky, Soros Educational Journal, 6, 82-87 (2001). (in Russ.).

A.V. Flegontov, M.J. Marusina, Lecture Notes in Computer Science, 5743, 81-88 (2009).

Hassler Whitney, The American Mathematical Monthly, 75, 227-256 (2018).

P.W. Bridgman, Dimensional analysis, (New Haven, Yale university press, 1932), 148 p.

B. Zohuri, Dimensional Analysis and Self-Similarity Methods for Engineers and Scientists, (Springer 2015), 372 p.

B. Zohuri, Dimensional Analysis Beyond the Pi Theorem, (Springer, 2016), 268 p.

J.F. Carinena, M. Santander, Advances in Electronics and Electron Physics, 72, 181-258 (1988).

Taylor G. Proceedings of the Royal Society, 1950, №1065,Vol 201, P 159-186.

L.I. Sedov, Metody podobiya i razmernosti v mekhanike, (Moscow, Nauka, 1977), 440 p. (in Russ.).

R. Kurt Analiz razmernostej v astrofizike, (Moscow, Mir, 1975), 230 p. (in Russ.).

H.E. Huntley, Dimensional Analysis, (Dover Publications, Inc. New York, 1967), 158 p.

Жүктелулер

Жарияланды

2023-12-20 — Обновлена 2023-12-28

Шығарылым

Бөлім

Методика преподавания физики в высшей школе