Жердің тұрақты гравитациялық өрісіндегі дененің қозғалысын компьютерлік бейнелеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/RCPh.2024v89i2-09Кілттік сөздер:
Түйін сөздер: компьютерлік визуализация, дененің қозғалыс траекториясының кинематикалық параметрлері, имитациялық модель, MathCAD қолданбалы бағдарламалар пакеті.Аннотация
Бұл мақалада Жерге жақын гравитациялық өрістегі материалдық нүкте немесе дене қозғалысын компьютерлік бейнелеу процедурасы толыталданды. Mathcad математикалық ортасында құрастырылған компьютерлік бағдарламалар негізінде дене қозғалысының траекториялары құрылды. Сондай-ақ, Mathcad пакетінің компьютерлік құралдары арқылы алынған траекториялардың кинематикалық параметрлері зерттелді. Сапалық және компьютерлік әдіспен алынған траекториялардың сипаттайтын физикалық параметрлерін салыстыру жасалды. Mathcad ортасында құрастырылған компьютерлік бағдарламалардың көмегімен мынандай нәтижелерге қол жетті: көкжиекке әр түрлі бұрышта лақтырылған дененің оның жылдамдығы тұрақты болған кездегі траекториялары алынды; көкжиекке белгілі бр бұрышпен лақтырылған дененің ауаның кедергісін ескермеген және осы кедергіні есептеген жағдайдағы қозғалу траекториясы құрылды; екі өлшемді кеңістіктегі дене қозғалысының анимациясы жасалды.
Компьютерлік бейнелеу кезінде компьютер экранында дененің Жерге жақын аймақтағы қозғалысының элементтері мен құрамдас бөліктерінің ішкі байланыстары көрнекі түрде көрсетіледі. Компьютерлік бейнелеу арқылы алынған дене қозғалысының траекториялары аналитикалық жолмен алынған есептің шешімі мен жауабын тексеру әдісінің рөлін атқара алатындығы дәлелденді. Mathcad пакеті көмегімен жасалған имитациялық модельдеу нәтижелері кеңістіктегі дене қозғалысының динамикалық заңдылықтарын көрнекі түрде бере алды.