N126 тозаң көпіршігін толқын ұзындығының инфрақызыл диапазонында зерттеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/RCPh.2024v89i2-03
        157 83

Кілттік сөздер:

көпіршік, инфрақызыл сәулелер, WISE, жас жұлдызды объектілер, эволюциялық кезең

Аннотация

Соңғы жылдары шаң мен газдан тұратын жұлдызаралық кеңістіктегі көпіршіктерді, соның ішінде жартылай сақиналы құрылымдарды зерттеуге көп көңіл бөлінуде. Көпіршіктердің құрылымы мен эволюциясын талдау жұлдызаралық кеңістікте жұлдыздар мен планеталардың пайда болу жағдайларын түсінуге мүмкіндік береді. Шаң көпіршіктері жұлдыз түзілу аймақтарымен тығыз байланысты және эволюциялық дамудың әртүрлі кезеңдерінде жас жұлдызды объектілердің олардың қоршаған ортамен әрекеттесуін зерттеудің басты құралы болып табылады.

Бұл зерттеудің негізгі мақсаты N126 шаң көпіршігі аймағын зерттеу, жас жұлдызды объектілерді іздеу және анықтау болды. Жас жұлдызды объектілерді инфрақызыл толқын ұзындығындағы ағындары бойынша сәйкестендіру жүргізілгеніне салыстырмалы түрде көп уақыт өтпеді, ал сәйкестендіру критерийлері әлі де жетілдіру сатысында. Сондықтан, бұл зерттеудегі жас жұлдызды объектілерді анықтау критерийлері Koenig X.P. (2012), Koenig X. P. & Leisawitz D. V. (2014) және Fischer W.J. (2016), олар W1 (3,4 мкм), W2 (4,6 мкм), W3 (12 мкм) және W4 (22 мкм) жақын және орта инфрақызыл жолақтарындағы WISE бақылау деректерін талдауға негізделген. Зерттеу барысында инфрақызыл сәулелену көздерінің сенімді нөлдік емес ағындары бар 2MASS және AllWISE каталогтарындағы деректер пайдаланылды. Зерттелетін шаң көпіршігі үшін 0 класындағы (алғашқы жұлдыздар) және I класстағы жас жұлдызды объектілер анықталмады. ІІ класты 4 объект, өтпелі дискілер класының 1 объектісі және III класты 48 объект анықталды. II класты объектілерге арналған спектрлердегі энергияның таралулары құрастырылды, бұл олардың эволюциялық статусын растады. Барлық анықталған ЖЖО үшін эволюцияның сәйкес аймақтарымен табылған объектілердің орналасу орындарын көрсететін түсті диаграммалар құрастырылды. N126 шаң көпіршігінде басталған жұлдыз түзілу процесінің мүмкін белгілерін көрсететін ЖЖО-тің ғарышта таралу карталары талданды.

Авторлардың биографисы

Н.Ш. Алимгазинова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

физ.-мат.ғыл. канд., email: nazgul.alimgazinova@kaznu.kz

Н.А. Шарипбай, Galaxy халықаралық мектебі, Алматы қ., Қазақстан

мектеп оқушысы, email: sharipbaynurs@gmail.com

М.Т. Кызгарина, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

автор корреспондент, PhD, meir83physics@gmail.com

А.Б. Манапбаева, Логистика және көлік академиясы; Эксперименттік және теориялық физика институты, Алматы қ., Қазақстан

PhD, email: manapbayava.arailym@gmail.com

К.М. Туреханова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

физ.-мат.ғыл. канд., қауымд.проф., email: kundyz@physics.kz

А.Ж. Омар, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

PhD студенті, email: omaruzhan@gmail.com

А.М. Демесинова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

PhD, email: aizat.dem@gmail.com

А.Ә. Әлібек, Логистика және көлік академиясы, Алматы қ., Қазақстан

PhD, қауымд.проф., email: Alibek_akmaral@list.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Алимгазинова N., Шарипбай N. ., Кызгарина M., Манапбаева A. ., Туреханова K. ., Омар A. ., Демесинова A. ., & Әлібек A. . (2024). N126 тозаң көпіршігін толқын ұзындығының инфрақызыл диапазонында зерттеу. ҚазНУ Хабаршысы. Физика сериясы, 89(2), 19–26. https://doi.org/10.26577/RCPh.2024v89i2-03

Шығарылым

Бөлім

Теоретическая физика. Физика ядра и элементарных частиц. Астрофизика