Галактикалық орталыққа жақын орналасқан шар тәрізді шоғырлардан шыққан миллисекундтық пульсарлардың гамма-сәулелену ағынын бағалау

Авторлар

  • Д.Б. Куватова В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институты, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-5937-4985
  • Т.П. Панамарев В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институты, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-1090-4463
  • М.В. Ищенко Басты астрономиялық обсерватория, Украина Ұлттық ғылым академиясы, Киев қ., Украина https://orcid.org/0000-0002-6961-8170
  • А.П. Глущенко В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институты, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-0738-7725
  • П.П. Берцик Басты астрономиялық обсерватория, Украина Ұлттық ғылым академиясы, Киев қ., Украина; В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институты, Алматы қ., Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-4176-152X

DOI:

https://doi.org/10.26577/RCPh.2024v90i3-02
        98 43

Кілттік сөздер:

Миллисекундтық пульсарлар, артық мөлшердегі гамма-сәулелену, галактикалық орталық, шар тәрізді шоғырлар, нейтрондық жұлдыздар, N-денелі модельдеу

Аннотация

Бұл зерттеуде біз миллисекундтық пульсарлардың (МСП) Галактикалық орталықта бақыланатын гамма-сәулеленудің артық мөлшеріне қосқан үлесін қарастырамыз. Ядролық жұлдыздық шоғырмен жақын соқтығысатын алты шар тәрізді шоғырлардың (ШТШ) тікелей N-денелі модельдеуі арқылы алынған жоғары дәлдіктегі симуляциялар деректерін талдаймыз. φ-GPU кодын қолдана отырып, біз симуляциялар барысында қалыптасқан жеке нейтрондық жұлдыздардың (НЖ) орбиталарын барладық, олардың кейбіреулері МСП-ға айналады деп болжаймыз. Осы модельде нейтрондық жұлдыздардың қалыптасу сценарийлерін ескеретін жаңартылған Single Stellar Evolution (SSE) коды қолданылады. Біз бұл МСП-дан гамма-сәулелену ағынын олардың гамма-сәулеленуінің белгілі мәндерін ескере отырып бағаладық. Нәтижелеріміз алты моделденген ШТШ-дан шыққан МСП гамма-сәулелену ағынына аз, бірақ елеулі үлес қосатынын көрсетеді. Осы тұжырыммен бүкіл ШТШ популяциясын ескере отырып, МСП-дан гамма-сәулелену ағыны әлдеқайда жоғары болуы мүмкін екенін және гамма-сәулеленудің артық мөлшеріне ықпал етуі мүмкін екенін болжаймыз. Бұл зерттеу жақын маңдағы шар тәрізді шоғырлардан шыққан МСП-ларды Галактикалық орталықтағы гамма-сәулеленудің артық мөлшерінің әлеуетті көзі ретінде қарастырудың маңыздылығын көрсетеді. Болашақ зерттеулер қос жұлдыздардың эволюциясын ескеретін күрделірек симуляцияларды жүргізуді көздейді және біздің моделімізді нақтылау және бағалауларымыздың дәлдігін арттыру үшін ШТШ-да шынайы бақыланатын МСП үлесін салыстыруды қамтиды.

Авторлардың биографисы

Д.Б. Куватова, В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институты, Алматы қ., Қазақстан

автор корреспондент, магистр, Фесенков ат. астрофизикалық институтының кіші ғыл. қызм., Алматы қ., Қазақстан, email: kuvatova@fai.kz

Т.П. Панамарев, В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институты, Алматы қ., Қазақстан

PhD, Фесенков ат.астрофизикалық институтының жетекші ғылыми қызметкері, Алматы қ., Қазақстан; Оксфорд университетінің докторантурадан кейінгі ғылыми көмекшісі, Ұлыбритания;. email: panamarev@aphi.kz

М.В. Ищенко, Басты астрономиялық обсерватория, Украина Ұлттық ғылым академиясы, Киев қ., Украина

физ.-мат.ғыл.канд. Ph.D; Украина Ұлттық ғылым академиясының Бас астрономиялық обсерваториясының аға ғылыми қызметкері; Киев қ., Украина, marina@mao.kiev.ua

А.П. Глущенко, В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институты, Алматы қ., Қазақстан

магистрант, Фесенков ат. астрофизикалық институтының лаборанты, Алматы қ., Қазақстан;. email: gluchshenko@fai.kz

П.П. Берцик, Басты астрономиялық обсерватория, Украина Ұлттық ғылым академиясы, Киев қ., Украина; В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институты, Алматы қ., Қазақстан

PhD, Украина Ұлттық ғылым академиясының Бас астрономиялық обсерваториясының бөлім меңгерушісі; Киев қ., Украина, email: berczik@mao.kiev.ua

Жүктелулер

Как цитировать

Куватова, Д. ., Панамарев, Т. ., Ищенко, М. ., Глущенко, А. ., & Берцик, П. . (2024). Галактикалық орталыққа жақын орналасқан шар тәрізді шоғырлардан шыққан миллисекундтық пульсарлардың гамма-сәулелену ағынын бағалау. ҚазНУ Хабаршысы. Физика сериясы, 90(3), 14–20. https://doi.org/10.26577/RCPh.2024v90i3-02

Шығарылым

Бөлім

Теоретическая физика. Физика ядра и элементарных частиц. Астрофизика