ССР-Қ реакторының критикалық стендінің көлденең арнасындағы нейтрондар ағынын модельдеу, өңдеу және талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/RCPh.2024.v91.i4.a2Кілттік сөздер:
нейтрондық детекторлар, GEANT4, нейтрон баяулатқыштары, сцинтилляциялық детекторлар, ССР-Қ реакторыАннотация
Мақалада ССР-Қ реакторының критикалық стендінің көлденең арнасындағы нейтрон ағындарын модельдеу және тіркеу үдерісі қарастырылады. Негізгі назар нейтрон детекторлары, соның ішінде СНМ-18 және орто-карборан негізіндегі сцинтилляциялық детекторды қолдануға аударылған. Жұмыста GEANT4 бағдарламалық пакетін пайдалану арқылы модельдеу әдістері қолданылып, нейтрондардың полиэтилен, бор қосылған полиэтилен сияқты әртүрлі баяулатқыштармен және баяулатқышсыз өзара әрекеттесуі егжей-тегжейлі зерттелді.
Зерттеулерде критикалық стендтің әртүрлі жұмыс режимдерінде нейтрон ағындарын тіркеу әдістерін әзірлеу және сынақтан өткізу жүргізілді. Орто-карборан қоспасы бар сцинтилляторларды пайдалану детекторлардың жоғары сезімталдығын қамтамасыз етіп, нейтрон ағындарын дәл тіркеуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, модельдеу және тәжірибелік зерттеулерден алынған деректер ROOT сияқты заманауи талдау құралдарын пайдалана отырып өңделді.
Алынған нәтижелер нейтронды өлшеу, ядролық физика және радиациялық қауіпсіздік саласындағы технологияларды одан әрі дамытуға ықпал етеді. Бұл тәсілдер нейтрондарды тіркеу әдістерін жетілдіруге қолданылып, ғылыми зерттеулер мен өндірістік қолданбалар үшін маңызды рөл атқарады.
