Жұқа полимер қабықшалардың ішкі құрылымын альфа-спектрометриялық әдістің көмегімен зерттеу
Аннотация
Жұмыста полимерлерді дайындау технологиясы жөнінде ғылыми ақпарат бере отырып, олардың ішкі құрылымын зерттеуге арналған дәстүрлі әдістерге сараптама жасай келіп, кейіннен пайда болған альфа-спектрометриялық әдіс туралы айтылады. Сол әдістің көмегімен, екі түрлі технологиямен дайындалған (төменгі қысымда, жоғарғы қысымда) полиэтилен қабықшалардың ішкі құрылысы зерттелген.
Поляризациялық микроскоптың, рентген-дифракциялық және электрондық микроскоп әдістерінің полимер қабыршақтарды зерттеу кезіндегі ұтымды жақтары мен осал жерлері көрсетілген. Авторлар рентген-дифракциялық әдіс пен электрондық микроскоп әдістерін қолданбай, тек поляризациялық микроскоп пен альфа-спектрометр арқылы алған тәжірибелік нәтижелерді келтірген. Бұл нәтижелер басқа нәтижелермен салыстырылып, сараптама жасалынған. Тәжірибеде алынған нәтижелер ғылыми тұрғыдан бұл жұмысты әрі қарай жалғастыра беру керек деген қорытындыға саяды.
Библиографиялық сілтемелер
2 L.D. Landau, O poteriah yenergii bystrymi chastitsami na yionizatsiu, Sobranie trudov, M: Nauka, tom 1, 1969, 482. (in russ)
3 Abildaev A.H., Ermaganbetova S.D., KazNU Bulletin, Physics series, 1(32), 80-84, (2010) (in kaz).
4 Abildaev A.H., Ermaganbetova S.D., KazNU Bulletin, Physics series, 1(32), 85-89, (2010) (in kaz).