«ПОЛИМЕР – ЖОҒАРЫ ТЕМПЕРАТУРАЛЫ АСҚЫН ӨТКІЗГІШ» ЖҮЙЕСІНІҢ ОПТИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНЕ ТӨМЕНГІ ТЕМПЕРАТУРАНЫҢ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ
Аннотация
Полиимидтік қабыршақ пен оның ҮBa2Cu3O6+x (х=0,7) жоғары темпаратуралы асқын өткізгіш (ЖТАӨ) ұнтағының негізінде даярланған концентрациялары, 0,05%; 0,1%; 0,5% полимерлік композицияларға (ПК) төменгі температураның тигізетін әсері зерттелді. Оптикалық қасиеттерді зерттеу жұмыстары СФ-2000 спектрофотометрінде, 190-1100 нм спектрлік диапазонда жүргізілді. Сұйық азотпен суыту нәтижесінде полиимидтік қабыршақтың сәуле өткізу коэффициентінің 3-6%-ке төмендеп, оптикалық тығыздығының мәнінің өзгеріссіз қалуы, үлгі құрылымындағы еркін иондар шоғырының азяюымен түсіндіріледі. ЖТАӨ қоспа негізінде даярланған ПК 0,05%, 0,1% үлгілері үшін сәуле өткізу коэфициентінің мәні суытудан кейін өзгермей сақталып, ал 0,5% үлгісінде сәуле өткізу коэффициентінің мәні 15 %-ке дейін артады. Бұл үлгілерде қайта құрылымдану процестерінің өтетіндігін көрсетеді.
Библиографиялық сілтемелер
2. Wu М.К., Ashburn J.R., Tomg C.J. et al... Superconductivity at in a new mixed phase compound system at ambient pressure // Phys. Rev. Lett.-1987.-Vol.58, №9.- P.908-911.
3. Тауц Я. Оптические свойства полупроводников. - М.: Мир, 1962.- 253 с.
4. Бюллер К-У. Тепло - и термостойкие полимеры - М.: «Химия», 1984.- 1056с.