Авторларға арналған ақпарат

ҚазҰУ Хабаршысы. Физика сериясында материалдарды жариялау Open Journal System, онлайн жіберу және рецензиялау жүйесі арқылы жүзеге асырылады. 

Мақала электронды форматта (.doc, .docx форматтарында) тек журнал веб-сайтының (Open Journal System) функционалында жүктеу арқылы беріледі.

Корреспонденция авторы журналға жариялау үшін ілеспе хат ұсынуға міндетті.

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар (мақаланы рәсімдеу үшін ҮЛГІ қолданыңыз):

Мақаланы жариялау үшін қазақ, ағылшын немесе орыс тілінде журналдың серия/профиліне сәйкес, бұрын соңды автормен (авторлармен) жарияланбаған материал қабылданады.

Барлық мақалалар міндетті түрде рецензиядан өтеді, сондай-ақ әдеби және техникалық өңдеу жүргізіледі. Қосымша рецензенттерді таңдау және объективті, уақытылы рецензия жүргізуді қамтамасыз ету жұмыстары Журнал редакциясының жауапкершілігінде. Редакция мақаланың журнал профиліне және форматтау талаптарына сәйкестігін анықтап, оны тәуелсіз маманға (сарапшыға) рецензияға жолдайды.  Рецензия құпия түрде жүргізіледі.

Редакцияның шешімі бойынша авторлардан ұсынылған мақаланың тақырыбы бойынша ұсынылатын рецензенттердің тізімі сұратылуы мүмкін. Мұндай ұсыныстар кеңес беру сипатында болады және көрсетілген мамандардың міндетті түрде рецензияға тартылуын кепілдендірмейді. Рецензенттерді түпкілікті таңдау құқығы редакцияға тиесілі.

Мақаланы бағалау кезінде негізгі критерийлер: тақырып пен қойылған мәселенің өзектілігі; ұсынылған материалдың жаңашылдығы және автордың жеке үлесі; терминологияның дұрыстығы, дәйексөздер мен фактілердің сенімділігі; заманауи дереккөздер мен ғылыми әдістерді қолдану; зерттеудің теориялық немесе қолданбалы маңыздылығы; ғылыми қорытындылардың негізділігі; баяндаудың логикалық құрылымы мен қолжетімділігі; мақаланың форматтау талаптарына сәйкестігі.

Мақала талаптарға сәйкес келмеген жағдайда редакция оны қабылдамауға құқылы.

Мақаланы рәсімдеуге арналған міндетті талаптар:

  1. Сол жақ жоғарғы бұрышқа ҒТАМПиндексі қойылады.

  2. Бір жолдық интервалдан кейін — авторлардың инициалы мен тегі, қою қаріппен. Көрсетіледі: ұйымдардың толық атаулары,  қала мен елі, авторлардың бірінің e-mail.

  3. Бір интервалдан кейін — мақаланың толық атауы, қою қаріппен.

  4. Бір интервалдан кейін —  аннотация (Abstract, 150–250 сөз). Abstract мақала бағыттамасын және негізгі нәтижелерін көрсетуі керек, толық болуы тиіс; әдебиеттерге немесе мақаланың жеке бөлімдеріне сілтеме жасауға болмайды.

  5. Түйін сөздер (Keywords) 6-8 сөз немесе сөзтіркестерлен, мақаламен байланысты болуы тиіс.

Егер мақала қазақ тілінде жазылған болса, 2–5 тармақтарды  ағылшын және орыс тілдерінде қайталау қажет.

  1. Негізгі мәтін Times New Roman, 11 өлшем, бір жолдық интервал, бір баған, барлық жақтан 2 см.

  2. Мақала құрылымы IMRAD бойынша: Кіріспе, Материалдар мен әдіс (немесе Зерттеу әдістемесі), Нәтижелер және талқылау, Алғыс, Әдебиеттер.

  3. Мәтінде әдебиетке сілтемелер тік жақшаларда көрсетіледі [1].

  4. Формулалар формулалар редакторында (Microsoft Equation, MathType) жазылуы тиіс. Суреттер мен кестелер мәтінде кездесетін ретімен нөмірленеді, кестелерде тақырып және қажет болған жағдайда түсініктемелер беріледі.

  5. Әдебиеттер тізімі APS (American Physical Society) стилінде рәсімделеді, негізгі мәтінге толық сәйкес келуі тиіс және тек мәтінде көрсетілген дереккөздерден тұруы керек. Рәсімдеу мысалдары Шаблонда  (Template) көрсетілген. Әдебиеттерде кемінде 25 ғылыми мақала болуы тиіс, оның 70% шетелдік, соңғы 7 жылда жарияланған.

Жеке файлда Cover Letter авторлар туралы ақпаратты қамтуы тиіс: аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, ғылыми дәреже, атағы, қала, ел, e-mail және ORCID.

Жариялау құны: 60 000 теңге

Реквизиттер:
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Индекс 050040
адрес: Алматы қ., аль-Фараби даңғ 71
БИН  990140001154
КБЕ  16
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
ИИК   KZ796018861000945341 (KZT)
БИК  HSBKKZKX